«Рухани
жаңғыру»идеясы аясында мектепке дейінгі
білім мекемелерінде патриоттық тәрбие
беру және ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған
Жолдауында «Мәңгілік ел- ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз.Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы
ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры
ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік
қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік
ел»,-деді.Сондықтанда біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған бай
мұрамыз салт-дәстүрлерімізбен, мәдени
құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны
көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың»
деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән
берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы
білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан құнды
қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны
белгілі. Ендеше бұл тұрғыда отбасы мен тәрбиешінің атқарар ролі зор. Балабақша
қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер ұғымының киелігін білу, салт-дәстүр, менталитет, тарихтың
маңызын бойына сіңіріп өсіру-ең басты қағидат.
Осы мақсатта «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығы
базасында әзірленген «Мәңгілік ел» патриоттық актісін енгізуге арналған
әдістемелік нұсқаулық жарық көрді.Нұсқаулықта өскелең ұрпақты ұлттық идеяның
құндылықтарымен тәрбиелеудің негізгі тұжырымдары берілген. Олар-әлеумеметтік
құндылық, тәрбие ұстанымдары мен ойларын біріктіру, халықтар мәдениетін
үйлестіру және сақтау, қазақстандық патриотизм қалыптастыру.Арнайы кезеңдерге
бөлінген, нақты мақсат міндеттері мен күтілетін нәтижесі анық көрсетілген осы
нұсқаулық аясында біздің балабақшамызда
да жоба әзірленіп, белгілі бір жоспар құрылып,жұмыс жасалуда.
Мақсатымыз-«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық
құндылықтарға даярлау. Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани жаңғыру аясында
ұлттық төл мәдениетімізді , салт-дәстүрлерімізді насихаттау. Міндетіміз-білім беру үдерісіндегі қолданатын
жұмыстардың ерекшелегін анықтау,инновациялық технологияларды қолдана отырып
өзгерту, «Мәңгілік ел» идеясының сан қырлы формаларын қолдана отырып, педагогтың
шеберлігін көтеру. Сол арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында
азаматтық, патриоттық, өзіндік сан-сезімді қалыптастыру.Жоба аясында
мектепке дейінгі ұйымдардың бес білім
беру саласын басшылыққа ала отырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға байланысты
әр түрлі тақырыптарда іс-шаралар, ертеңгіліктер,кеңестер мен дөңгелек үстелдер,
ата-аналармен бірлесіп атқаратын жұмыстар жобада жоспарланған.Балабақшамыздың
тәжірибелі тәрбиешісі Бейсембаева А.Е. «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа өнеге»
тақырыбында авторлық жобасын қорғап, озық тәжірибені таратуға ұсынды.Осы
авторлық жобаның негізгі мақсаты-дені сау,рухы таза,ойы жетік, шешен де шебер
болашақ ұрпақты тәрбиелеу.Осы жоба негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу мен оқытуда халық педагогикасын кеңінен пайдалана отырып,ұлттық
салт-дәстүрлерімізді кішкентайынан бала бойына сіңіру болып табылады. Сонымен
қатар халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың ой-өрісін, тіл байлығын дамытып
қана қоймай, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.Бала тәрбиесіне
жауапкершілікпен қарайтын білікті мамандар әрқашан өз істерін шығармашылық
ізденіспен жетілдіріп, баланың отбасымен,ата-аналарымен де тығыз жұмыс жасайды.
Бұл Тәуелсіз Қазақстанның болашақ патриотын тәрбиелеу шарттарының бірі болып
табылады.
«Мәңгілік ел» идеясы ең алдымен болашақ ұрпақ үшін екенін
ескерсек, еліміздің мәңгілік болуы жолында халқымыздың гүлденуі басты орында тұр.Оған ең алдымен ұрпақтың
құнды тәрбиесі мен сапалы білімі жол ашады.Сондықтан да ,балабақшадағы барлық
танымдық іс-шаралар осыған бағытталған. Төл тарихымыздың ақтандақ тұстарын
балабақша тәрбиеленушілеріне жасына сай түсіндіріп,бойына сіңіріп отыру
қажет.Тарихи тұлғалар жайында айту, көрнекі құралдар арқылы көрсету,осы тарихи
оқиғаларға байланысты сұрақ—жауап арқылы ойларын білу,баланың қиялын
шарықтату-Отаншылдыққа баулудың мағыналы жолы деп есептеймін.Тарихи тұлғаларға
еліктеуге, хакім Абай атамыз айтқандай «болмаса да,ұқсап бағуға» тырысуға
бағыттау қалай болғанда да өз нәтижесін берері анық. Балабақшамызда тәрбиеші
Нұрмағамбетова Ә.Ә. балаларды кішкентайынан өз Отанын сүюге, өз елінің тарихын
білуге және сол арқылы бойларында
патриоттық рухты қалыптастыруда көптеген тәрбиелік іс-шаралар жүргізіп, мерекелік
ертеңгіліктерде де тағылымы мол шағын қойылымдар өткізді. «Баланың жас ерекшелігіне байланысты білім беру
салаларын сабақтастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу» әдістемелік тақырыбы бойынша ересектер
тобында жоспарланған жұмыстарды жақсы деңгейде жүргізіп келді.
Қазіргі таңда күрделі мәселелердің бірі болып отырған ана
тілі де бала үшін асыл қасиет екенін ұқтыру да баршамыздың міндетіміз. Елбасы
айтқан ана тіліміз Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналуы үшін бірқатар маңызды
іс-шараларды жүзеге асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еркін сөйлетуге
бағытталған танымдық шараларға ойлау, көру көрнекіліктерін жиі қолданған
дұрыс.Әсіресе қазақ тіліндегі басты қасиеттер мен құндылықтарды бүлдіршіндерге
үйретіп,олардың сәби жүрегінен шыққан пікірлерімен санасып отыру қажет. Бала
тілі-бал, ол түрлі пікірлер айтады, қиялын жеткізеді.Ал тәрбиеші тарапынан оны
дамытып, баланы жігерлендіріп,алға жетелеу, талпындыру қажет. Сонымен қатар
халық ауыз әдебиетінен мақал-мәтел, жаңылтпаштар, нақыл сөздер, тарихи
әңгімелер мен ертегілерді оқып, балалар мен халық әндерін жаттап қана қоймай,
мағынасына терең бойлауға баулу-басты міндетіміз. Бұндай жұмыстар коммуникация,
таным саласы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетерінде, драма,тілашар
үйірмелері мен балабақша музыка жетекшісінің ұйымдастыратын халық әндері мен
билері кешінде көрініс табады. Атап айтатын болсақ, балабақшамыздың тәрбиешісі
Бекмағамбетова Г.Т. «Жаңартылған Стандарт негізінде драма сабақтарының бала
өміріндегі маңыздылығы» авторлық бағдарламасын қорғап, аудандық әдістемелік
кабинетке озық тәжірибені тарату үшін ұсынды. Тәжірибелі тәрбиеші өзінің
бағдарламасында ертегілерді драма сабақтарында танысып қана қоймай,оларды
үйірме жұмыстарында да сол ертегілерді сахналап ойнай білуге үйретті.Сонымен
қатар ертегілер арқылы балаларды бірлікке, достыққа тәрбиелеуге,бір-бірімен
ынтымақтастықта,берекелі орта қалыптастыруға болатынын осы ертегі қойылымдары
арқылы көрсете білді.
Қазіргі заманның талабына сай жан-жақты дамыған білімді
тұлға болып қалыптасудың негізгі шарттарының тағы бірі-үш тілді қатар меңгеру.
Елімізде Үштілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы
іске асырылуда .Осыған орай біздің балабақшамызда да барлық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеттердің барысында, тақырыптық іс-шараларда билингвизм әдісі кеңінен
пайдаланып келеді.Ересектер тобында ағылшын тілі сабағында осы бағыттар
толығымен орындалып келеді.
«Мәңгілік ел» Патриоттық актісінің жарқын символы
ата-бабалар аңсаған Тәуелсіздік пен Елордамыз Астана қаласы егіз ұғым .
Тәуелсіздік пен Астанаға, еліміздің рәміздерін танып, біліп,қастерлеуге
арналған сұрақтар,өлеңдер мен деңгейлік тапсырмалар тәрбиешілердің барлық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде дерлік пайдаланады.Таңымызды әнұранның
шалқыған әнімен бастағандай, балабақшадағы бүлдіршіндермен атқарылатын жұмыстарда
да патриоттық тәрбиеге көп мән беріп, сол бағытта жұмыс жасаймыз.Балабақша
тәрбиешілері патриоттық тақырыпқа арналған әндер, өлеңдер жинақтарын әзірлеп,
еліміздің көрікті жерлері мен табиғатының ерекшеліктеріне арналған буклеттер
жасап, балалардың қызығушылығын арттырып отыр.
Қай бала болмасын әр нәрсеге қызығушылықпен қарайды. Осыған байланысты баланы ұлттық
қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның
мағынасын ашатын іс-шараларды да өткізіп отырамыз. Мысалы «Қош келдің,
Әз-Наурыз !» мерекелік ертеңгіліктерде топ тәрбиешілері бүлдіршіндер мен
ата-аналарын қатыстыра отырып, салт-дәстүрден көріністер қойып, бір –бірінің
өнерін тамашалап, бағалап қана қоймай, дәстүрді жаңғырта отырады. Балалардың
ұлттық сансын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар
өткізгенде барынша нақты ісм-әрекет жасауға тырысамыз.Ұлттық мерекелерді өткізу
барысында тәрбиешілер балаларға ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі
айту,соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру жұмыстарын қатар
жүргізіп отырады. Балаларды бір-біріне сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру
,ынтымақтастық орта қалыптастыру, олардың келешек білім алу ға даярлауға ықпал
етеді. Әсіресе мұндай жұмыстарда екеуаралық кері байланыс міндетті түрде болуы шарт.
Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді,әрі қызығушылығы артады. Өзіне
не қажет екенін пайымдайды. Нәтижесінде балалар
ұлттық мәдени мұраларымызбен қолөнер туындыларымен танысады. Міне, осы
мақсатта біздің балабақшамызда Елбасының Жолдауындағы « рухани
жаңғыру-болашаққа бағдар» аясында «Ата-баба дәстүрі-бүгінгі ұрпаққа өнеге»
ауқымды бағдарламаны жобалаудамыз.Мұндағы мақсатымыз-қазақтың салт-дәстүрлері
арқылы балалардың бойына мәдени, рухани–және адамгершілік құндылықтарды
дарыту.Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мәдени бай мұрамызды
бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Осы бағдарлама аясында балаларды ұлттық негізде
тәрбиелеу үшін ұлттық нақыштағы қолөнер туындыларымен таныстыру және балалардың
бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар халық
педагогикасын кеңінен насихаттап, сол арқылы балабақшадағы өскелең ұрпақты
ұлттық тәрбие берудегі маңызын көтеруді жоспарлап отырмыз.Ата-бабамыздан қалған
мол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз
ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық. Сондықтанда
рухани жаңғыру аясында осы бағдарламаны қолға алып, жоспарлап жатырмыз. «Ел
болам десең, бесігіңді түзе»,-дегендей қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық
дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый-құрмет көрсетіліп, дәріптейтін
лайықты салт-дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа
ғасырда әр халық,ұлтын, дінін,тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға
тырысады. Олай болса салт-дәстүр өсіп келе жатқан баланың ой-санасын
қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін
тигізеді.Сондықтанда осы бағытта жұмыс жасауды балабақша ұжымы болып жоспарлап
жатырмыз.
Қорыта келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуі
ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Сондықтан
баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп,
туымызды жықпай,ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу біздің
міндетіміз болып табылады. Жалпы балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық
күш-жігері Отанды, халқымызды , туған-туысты құрметтейтін шығармашыл және
талантты ұрпақ тәрбиелеуге бағыталуы тиіс.Алдымызда осы құндылықты бойына
сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аябайтын, білімді иманды, еңбекқор
ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан
шығармауымыз керек.