«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын күз. Ересек тобы

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 

Би «Жапырақтар»

І Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

ІІ Жүргізуші:  Тілегім аман болсын ел іргесі,
                         Алтын күз қайта келді берекесі.
                         Молшылықтың жаршысы бола білді,
                         Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

І жүргізуші: «Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
                         Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

1.Інжу: Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
              Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.    

               Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
                Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

2Владислав : Жаздай күткен бәріміз

                           Сары алтын , сары күз

                            Көк аспаның мөлдіреп

                            Алтын күнім елжіреп

3.Әлімжан ; Сарғайды тоғай

                       Сап – сары манай

                       Соңғы әнің айтып

                       Құс кетті қайтып

ІІ жүргізуші:  Ағаштардан жамырап, 
                         Ұшты кенет жапырақ. 
                        Ой, алақай, тамаша, 
                        Шашу шашты жапырақ! 
                        (алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Ән: «Күз тамаша»

Күз келіпті тамаша кхукдпкн

Айналаға қарасақ

Сарғайған көк жапырақ

Сан жетпейді санасақ

Қайырмасы

Күз , күз, күз

Сарғаяды даламыз

Біз, біз, біз

Жемісті жинап аламыз

Күз, күз, күз

Күз мезгілі келгенде

Біз, біз, біз

2. Біз мектепке барамыз

Жаңбыр да көп жауады

Бұлттар көкке жауады

Жеміс пенен жидектер

Толып  тұр ғой  бар әлі

          Қайырмасы

Мен мұнданап шақырады.

Алтын аймақ  атырап

Ағаштардан  жауып тұр

Қызыл сары  жапырақ

        Қайырмасы

ІІ жүргізуші:  Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

І Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, менЖалғыз келген жоқпын өзі мен бірге күз айларын алып келдім. Қане қыздарым тақпақтарың айтыңыздаршы.

4.Қыркүйек:   Мен қыркүйек айымын

     Маржан:    Жылы күн райымын

                        Аспанды құс шарлай бастайды

                        Алғашқы қоңырау қуанты жастарды

5.Қазан:  Қазанда халқымыз

               Тойшыл ол салтымыз

               Береке байлығы                 Жанайым:

               Беріп тұр алтың күз

               Қыркүйекке еремін

               Молшылық беремін

6.Қараша:   Күз мезгілі тамаша

                      Менің атым қараша       Айсұлу

                      Қараша айында

                      Қыс қамын дайында

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым!

ІІ Жүргізуші: Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Маржан : Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
                   Бойымнан әл құрып

                   Көздерім бұлдырап
                   Басым айналып барады!
Мереке : Енді, енді не етеміз?!
                 Маржанға  қалай көмектесеміз?
Гүлназым : Сабыр сақта, саспайық
                      Дәрігер шақырайық!
Маржан: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
                 Қазір өзім тұрамын тез!
Нургул :  Онда дәрі ішіп ал,
                  Менде міне, көп дәрі бар!
Димаш: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Маржан: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Інжу: Мені неге шақырдыңдар,
           Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Маржанға дәрігерлік көмек керек!
Інжу : Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Інжу: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
            Тістерің орнында, тамағың іспеген
            Қол - аяғың әлсізденген
            Қызуың ыстық екен
            Білдім, неден ауырғаныңды...!
            Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
            Дәрумендер жетіспеген!
Маржан: Енді не істеймін?
Інжу : Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Ал ендеше көкіністер мен  жемістер  ертегісін тамашалайық

Автор Інжу: Ерте, ерте , ертеде Бір қол әже болыпты. Әже  үлкен бау – бақшасына  жемістер мен көкіністер егіпті . Көкіністін арасындағы шөбін жұлып, су құйып  баптайды екен.

І жүргізуші: Сол әженін жеміс пен көкініске су құйғанын тамашалайық.

Би «Жемістер мен көкіністер»

Автор: Қандай  тамаша көз тоймайды қарасақ. Пияз, қызанақ, картоп, сәбіз, алма, алмұрт, құлпынай, шие, өрік, қияр бір кезде жемістер мен көкіністер жиналып дауласты.

Барлығы бірге: жиналып біз бәріміз  қайсымыздың  дәмдіміз? Ішімізді адамға  тиеді  көп пайдамыз.

7.Ислам :  Асханадан шықпаймын,
                Атым пияз, бұқпаймын.    

                Көзден жасты шығарам.
                Тұмаудан бірақ сақтаймын.

8. Гүлназым  : Тал шыбығым бұралып,
                           Бақшаларда қызарып
                           Тұрган ол мен қызанақ    

                           Күнге қарап ұялып.

9. Мереке:   Картоп біздің атымыз
               Жер астында жатырмыз    
               Бір тамырдан тараған,
               Ағайынбыз бәріміз.

10.Санат:  Өсіретін бойыңды
              Дамытатын ойыңды.  
              Қоянға да азықпыз,
              Сәбіздерміз жазықсыз.

11.Нургул:   Пісіп тұрған алмамын,
                  Тамсандырар бал дәмім
                   Жерге сілкіп түсірме    
                   Ісіп кетер маңдайым.

12.Айым:   Жапырақты тасалап
               Өсетін жері бақша-бақ
               Күрең қызыл шіркін-ай    
               Менің атым құлпынай.

13.Димаш: Тіл үйірген алмұртпын
                Таңсығымын бар жұрттың
                Жақсы өсіре алмайды,    

                Қараса егер салғырт кім.

14.К.Аяулым:   Мен моншақты шиемін
                        Құмарсындар білемін
                       Кетіп қалып жүрмесін  
                       Тамағыңа сүйегім.

15.Инаят:    Дөп дөнгелек сап сары
                 Ішінде бар дәні
                  Қызығасын көріп     

                   менің атым өрік.

16.А.Аяулым:    Көктеп ерте шырмалып,
                         Әсем мен бүр жарып  
                         Атым қияр теріп ал,
                          Жиі-жиі су арып.

Барлығы : Мен дәмдімін жоқ, мен дәмдімін

Автор Інжу: Бұл сайысты қойайық. Дауласуды тоқтатайық!!!

Барлығы бірге: жиналып біз бәріміз  қайсымыздың  дәмдіміз? Ішімізді адамға  тиеді  көп пайдамыз.

Автор Інжу: Көкіністер мен жемістердін барлығы денсаулыққа пайдалы. Бұны жатқа біліндер. Оларды жақсы көріндер!!!!

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

ІІ Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.
17.Айзере:  Күздің қазан айында,
               Алма, алмұрт піседі.
               Жапырақтар сарғайып,
               Сыбдыр - сыбдыр түседі.
18.Құсайын: Келеді көшіп комбайн,
                 Алтын дария егінді.
                 Жинап маржан бидайын,
                 Күзіміз неткен көңілді.

19.Мереке: Жетті желмен алтын күз,
               Жеміс жинау салтымыз.
                Жиып - теріп болған соң,
                 Той жасайды халқымыз.

20.Арлан: Сап - сары ғып даланы,
                   Бояпты ғой күз деген.
                   Құстар қанат қағады,
                   Қоштасқандай бізбенен
 

21.Гүлназым: Қарашы, күз келді, күз келді,
                  Сары алтын жауыпты іздерді.
                  Құс біткен керуен түзеді,
                  Көңілсіз неткен күз еді.

ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,

                      Бишілер билеп кетті тербетіле.

                      Аққудай қалықтаған теңіздегі,

                      Әншілер  өнерлерін көрсетуде.

Ән: «Кап-кап, тук тук»

1. кап –кап , тук-тук

    Тереземді кім қақты 

     Таңертең жаңбыр жауып

     Балаларды оятты

2. Кап кап , дон –дон

    Тамшылар жауып жаттыр

    Егер шықсан далаға

    Қолшатырды ұмытпа

3. Кап кап ,  тук-тук

    Көңілді жаңбыр жауды

    Таңертең біз тағыда

     Серуендейміз далада

І жүргізуші: Кезегімізді  өлең шумақтарына берейік.

22.Раяна : Кездескен соң күзімен

                  Бұтағынан  үзілді

                  Ай жапырақ сары алтын

                  Айналаның бәрі алтын

23.Мансур: Ой балалар, балалар

                Қонырқай  күз  болыпты

                Құлап  жапырақтар солыпты

                Ел егінін орыпты

24.Мендіғали: Ой балалар , балалар

                         Ойнайық та  күлейік

                         Мәз боп  жүрейік

25.Самира :Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
                     Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
                     Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,     
                     Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

26. Ернар: Көк майсалы көрікті, 
                 Алқаптағы көпегін. 
                 Бұл күндері киіпті, 
                 Сары жібек көйлегін. 

27.Әділет : Жапырақ ұшты

                  Суықта  түсті

                  Сонда да бізге

                  Қызық көп күзде

ІІЖүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2019» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Раяна, Әлімжан , Мирас , Мендіғали, Ернар, Арлан, Самира, Жанайым
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Би: «Күзгі валес»

1.Мерекелі , берекелі

   Келді Алтын күз

   Жайна шуақ

   Күн сәулелі

   Келді жарқын күз

   Қайырмасы

Жеміс толы айнала

Астық толды қамбаға

Алтын күзге арналып

Айтылады әнім

2.Аралайық күзгі бақты

   Қандай тамаша

   Кел шырқайық күзгі вальсті

   Билеп жараса

   Қайырмасы

Жеміс толы айнала

Астық толды қамбаға

Алтын күзге арналып

Айтылады әнім

І  Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 07.11.2019 09:59
Құрылған күні: 07.11.2019 09:59

Текст