«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының«Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын 2023 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі есебі

Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының«Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мемлекеттік қызметтің 2  түрін көрсетеді:

 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»- 82;
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау»-0;

Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген ережелері басшылық етеді.

              2023 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының«Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында мемлекеттік қызметтің 1 түрі бойынша 70 қызмет көрсетілді, олар: меморган арқылы-17; көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді АЖ қолмен енгізу арқылы-53.

 

 

             2023 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде Державин қаласының«Балдырған» бөбекжайында ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер:-«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»- 70;

     Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат мектептің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.

Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, жалпыға қолжетімді орындарда, ақпараттық стендтерде, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

   Сондай-ақ «Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының«Балдырған» бөбекжайында» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету ережелері және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.

2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

  Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

        Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2024 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2024 15:37
Құрылған күні: 28.02.2024 15:55

Текст