«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тех карта Дыбыстар

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім саласы

Коммуникация

Тақырыбы

Дыбыстар

ҰОҚ мақсаты

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды атайды, ажыратады. Дыбыстан сөздер құрайды. Сюжетті суреттерден қандай ертегі екенін атайды.

Ойлау деңгейі

түсінеді, біледі, қолданады.

Күтілетін нәтиже

Тыңдалған дыбыстар ненің дыбысы екенін атайды.

Сөздегі дыбыстардың орналасу ретін анықтайды.

ҰОҚ жоспарлау

ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері/ уақыты

ҰОҚ жоспары бойынша іс-әрекет

Ресурстар

ҰОҚ басы

1 – 2 мин

Жағымды орта құру

Арайлап таң атты,

Алтын сəуле таратты.

Тəрбиелі баламыз,

Амандасып аламыз.

Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен қайталайды.

Тиімді оқу мен оқыту

 

Алдыңғы білімге шолу

2 - 3 мин

Ашық сұрақ

Сөз, сөйлем деген не?

Д/о «Сөзді жалғастыр» сыни ойлау

«Бала үні» тыңдалады

 

ҰОҚ ортасы

3 – 6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тосын сый

Балалар үнтаспаға жазылған дыбыстарды тыңдап, ненің дауысы екенін ажыратады.

– Жел қалай уілдейді?

– Жапырақтар қалай сыбдырлайды?

– Жаңбыр қалай тамшылайды?

– Қайнап тұрған шəйнек қалай шуылдайды?

– Не естідіңдер?

– Тағы қандай заттар дыбыс шығарады?

– Біз қай дене мүшенің көмегімен естиміз?

– Сөйлеу дыбыстары болады. Оны адам айтады. Сөйлемейтін дыбыстар болады. Олар жануарлардан жəне қоршаған ортадағы заттардан шығады.

4К моделі

 «Бала үні» тыңдалады

Түрлі дыбыстар

жазылған

үнтаспа

6 – 10 мин

 

Топтастыру әдісі (ауа, су,жер көліктерінің суреттер арқылы )

Балалар топшаға бөлініп, әр топшаға үш қима суреттен беріледі, балалар суреттерді құрастырады, не екенін табады, қалай дыбыстайтынын, іс-қимылын көрсетеді. 

Бақылау, саралау, кері байланыс

Құс, жылан, сиыр, қой, ит, мысықтың суреттері

10 – 18 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

«Миға шабуыл» әдісі

Жұмбақ жасыру, сыни ойлау

Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп.
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп

                                               Бақа

Бақа сөзіндегі дыбыстарды айтады: б-а-қ-а. Рөлге еніп дауыстап айт.

– Бақа қалай дыбыстайды? (Бақа бақылдайды: бақ-бақ).

Педагог жетекшілігімен ойын  «Сөз ойла, тез ойла» Бақа сөзінің алғашқы дыбысынан басталатын сөз құрату: бала, бас т.б. (тыңдалым, айтылым)

 Дыбыс деген не? (естиміз, айтамыз)

Дыбыстарды айтылуына қарап дауысты, дауыссыз деп екі түрге бөлінеді. Дауысты дыбыстар еркін шығып, созылып әндетіліп айтылады. Дауыссыз дыбыстар айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар .

Бақаның суреті

18 – 20 мин

 

 Құрылымдалған ойын «Кім тапқыр?»

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Педагог ортаға бір баланы шақырып құлағына сыбырлайды. Ортадағы бала естіген жануарды немесе құстың дыбысын салады. Қалған балалар қандай жануар немесе кұс екенін тауып, қимылымен жүреді. Бірінші тапқан бала ойынды жалғастырады.

Тыңдалым

 

20 – 26 мин

 

Ашық сұрақ:

 Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Сыни ойлау

 «Сен білесің бе?» Балалар сюжетті суретке қарап, қандай ертегі екенін табады. Ертегіні қысқаша мазмұндап кейіпкерлерін атайды.

Адасқан қыз қалай дыбыстайды? (Ау-у).

Түлкі бауырсақты көргенде қалай қуанды? (О-о-о!)

Түлкі бауырсаққа не деп айтты?

Балалар түлкінің дауысына салып айтады.

Кері байланыс

-Қандай дыбыстар?

-Неге ол дауысты дыбыс?

Слайдта ертегілердің суреттері

ҰОҚ қорытындылау 26 – 30 мин

Кері байланыс

-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Дыбыстар қандай болады?

-Қай тапсырманы орындау қызықты болды?

Рефлексивтік бағалау

Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды

Смайликтер

       

 

Жаңартылған күні: 15.11.2019 09:00
Құрылған күні: 15.11.2019 09:00

Текст