«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік жинағы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Ақтиін ересектер тобы» тобы  « »  Сәуір.      2019ж

 

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: «Құрастыру».

Тақырыбы: Сиқырлы бөтелкелер

Мақсаты:Қалдық материалдардан белгілі бір затты жасай білуді жалғастыру, оларды пайдаланып шығармашылықпен белгілі бір бейнені жасауға үйрету, ой қиялын дамыту, (пластик бөтелкелерді қағаз қиып жапсыру арқылы оның бөліктерін жасату )ұқыптылыққа, ептілікке , икемділікке тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер: пластик бөтелкелер,түрлі түсті қағаз, қатты қағаз, шырын ішетін түтікшелер, түймелер, мата қалдықтары, жіптер, баулар, құстың қауырсындары, ермексаз, желім, қайшы, сүлгілер.

Сөздік жұмыс: пластик бөтелкелер, қауырсын

 

Оқу іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс - әрекеті

 

 

Балалардың

 іс - әрекеті
 

Мотивациялық- қозғаушылық

 

Педагог балалармен шаттық шеңберін өткізеді. Бүгінгі күн ерекше болғалы тұр, өйткені біз сендермен бұрын жасап көрмеген заттар жасайтын боламыз деп балалардың қызығушылығын оятады.

Біздің бұрында жасап жүрген «Шебер қолдар» көрмеміз бар еді енді ол жаңа бұйымдармен толығатын болады. Балалардың бұрын пайдаланып көрмеген  пластик бөтелкелерді көрсетіп осыдан біз бүгін түрлі заттар жасаймыз деп түсіндіреді. (0,2-0,3 л) лимонад, таза су , шырындардың бөтелкелері.

 

Балалар қандай жаңа заттар жасағысы келетініне  қызуғышылық танытып,көрмеге жаңа заттар жасауға өз үлестерін қосатындықтарын білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балалардың алдына бөтелкелерді қойып, оны алып, қарап, ол неге ұқсайды , бұдан не жасауға болатыны жайында ойлануын сұрайды. Балалардың өз ойларын педагог тыңдайды.Енді алдыңғыларды қосымша материалдарға балалардың көңілін аударып , олар бізге не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Бұлардан не жасауға болады деп ойлайсыңдар?

Олар ойланып өз ойларын айтқан соң технологиялық картаға қарай отырып оны орындаудың ретін түсіндіреді, неден бастау керек және құстың қауырсындарын , түтікшелерді не үшін пайдаланатынын түсіндіріп,бізбенен тесетін бөліктерін педагог өзі жасап көмектеседі. Балалардың өздігінен дербес әрекет етуіне және жасап отырған заттарына шығармашылықпен  өз үлестерін қосуға бағыт береді. Кейбір балаларға жеке көмек берді . Барлық іс әрекет барысын қадағалап , бақылау мен басшылық жасайды.

Балалар пластик бөтелкелерді тігінен қойып қарап, оны көлденең қойып көреді,ойланады неге ұқсатуға болады.

Тігінен тұрғанда гүл салатын сауытқа ұқсайды, немесе ұшақтың , зымыранның корпусына , ағаштың діңіне , үйге .

Шырын ішетін түтікшелерден ағаштың бұтақтарын жасаса, түрлі түсті қағаздардан жапырақтарын , гүлдерін жасауға болады;

Түймелерден машинаның дөңгелегін жасауға болады;

Түрлі түсті қағаздардан қыз баланың бет бейнесін , мата қалдықтарынан орамалын жасауға болады;

Құстың қауырсынан  қанаттарын , құйрықтарын жасаған тиімді ;

Балалар өздеріне қажетті заттарды, құралдарды таңдап алып іс әрекетке кіріседі.
 

 

Рефлексиялық- түзетушілік

Жасаған жұмыстарын тексеріп, мадақтау.

Жасаған жұмыстары туралы әңгімелійді. Көрме ұйымдастырады

Күтілетін нәтиже:

Біледі : пластик бөтелкелермен, қайшымен , желіммен жұмыс жасау ережелерімен танысады.

Игереді : өздерінің және басқалардың жұмыстары жайында талдау жасай білуге үйренеді.

Меңгереді : қажеттсіз заттарды пайдаланып оның негізгі бөліктерін және ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып бейнелер жасай алуға  дағдыланды.

 

Жаңартылған күні: 04.05.2019 15:44
Құрылған күні: 23.04.2019 18:11

Текст