«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
  Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

   

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Развитие речи у детей используя нетрадиционные методы.

Халық педагогикасы арқылы балалардың  тілін дамыту үшін дәстүрден тыс технологияларды тиімді қолдану

                          

Баланың  жан-жақты толық даму шарты-жақсы дамыған тіл болып табылады.Бала тілге бай және тілді дұрыс дамыған болса,өз ойын толық жеткізіп, қолшаған ортаны тану мүмкіндігі кеңейіп,үлкендермен және өз құрдастарымен ара қатынасы маңыздана түсіп,психикалық дамуы белсене жүзеге асады.Бірақ соңғы кездері жалпы және ұсақ моториканың сөйлеу тілі дамуының бұзылыстары бар балалар саны көбеюде. Сондықтанда  бала тілін қалыптастыруда, тілдің  тазалығы мен дұрыстығын ,түрлі бұзылыстардың алдын-алу және түзету жұмыстарының уақытылы жүргізгені дұрыс.Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды оқытып тәрбелеуде, оның ішінде тіл түзетуде көптеген түрлі тәжірибелік материалдар қолдануда.Бұл материалдарды шартты түрде екі топқа бөліп қарастыруға болады.Біріншісі,бала тілін түзетуге және дамытуға бағытталған және екіншісі дәстүрлі емес технологияларды қолдану. Дәстүрлі емес логопедтік технологиялардың бірі –Су-Джок терапиясы. Балалардың  тілін дамыту үшін дәстүрден тыс технологияларды кеңірек қолдануды өзіме мақсат еттім.Балабақшамыз мемлекеттік тілде қазақ балабақшасы болғандықтан, бала тәрбиесінде балалардың тілін түзету өз ұлтымыздың құндылықтарымен тығыз байланысты деп есептеймін.Өз ұлтымыздың бала тәрбиелеудегі құндылықтары дегеніміз-ата-бабамыздың ежелден бала тәрбиесіне деген қарым-қатынасын, сөйлеу мәдениетін үйрету жолдары болып табылады.Қазақтың ұлттық ойындары, санамақтары,жаңылтпаштарын, ертегілерін Су-джок терапиясымен байланыстырып, бала тілін түзетуде белсенді қолданамын. Сонымен қатар тек халық педагогикасы арқылы ғана емес, өзге де технологияларды тиімді  пайдалануды өзіме мақсат еттім.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту үшін Су-Джок терапиясында оқып,зерттеп, педагогикалық іс-тәжірибемде қолдандым. Ерте және кіші топтарда бүлдіршіндердің бал тілі енді шығып жатқан кезінде дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету үшін Су-Джок терапиясы арқылы халық ертегілерін сауықтыру ойындары арқылы өткізу балалардың қызығушылығын туғызатынын байқап, өз тәжірибемді кеңінен қолдануды және жоба ретінде алуды жөн көрдім. Мысалы: созылмалы сақинамен « санамақ » ойынын ойнату, (бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек, осы санамақты айтқыза отырып, әр саусаққа массаж жасау).Санамақ ойыны арқылы балаға сұрақ қоя отырып, түрлі сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айта білуге үйретемін.Осылайша жаңылтпаштармен де бұл терапияны оңай қолдануға болатынын түсіндім.Баланың тілін дамыту үшін қойылған дыбыстарды анық айтуға үйрету мақсатында, белгілі бір дыбысқа бағытталған жаңылтпашпен байланыстыра отырып, арнайы доптарды, не болмаса тікенді доптарды қолдануымызға болады екен.Тек қана халық педагогикасын қолданып қана қоймай, оны сауықтыру іс-шараларымен қатар бірге пайдалану өте тиімді екенін күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен байқап жүрмін. Су-Джок терапиясын балалардың тілін дамыту үшін кеңінен пайдалануға болатынын  байқап, зерттедім.Ерте және кіші топтарда балалардың тілін дамыту үшін ойын түрінде сауықтыру шараларын қоса қолдану, бүлдіршіндердің қызығушылығын туғызатыны белгілі болды. Ертегіні тек қана тыңдап қоймай, оны сауықтыру шараларымен өздері ұсақ қол моторикасы арқылы жаттығу жасағанда, дыбыстарды да ерекше ынтамен айтатынын байқап, қызығушылықтарының басым екенін байқадым.Балалардың тілін дамыту үшін сауықтыру шараларының көмегі көп екенін күнделікті іс-тәжірибемнен де байқап келемін. Сондықтанда әдістемелік тақырыбым бойынша халық педагогикасы арқылы балалардың тілін дамытуда Су-Джок терапиясын қолданудың өте тиімді екенін осы тақырып аясында бақыладым.Халық педагогикасы арқылы балалардың тілін дамыту үшін ертегілерді, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді үйретуде Су-Джок терапиясын пайдалану бүлдіршіндердің қызығушылығын арттыратынын түсініп, осы технологияны қолдану керектігін өз тәжірибемнен білдім.Балалардың ойын әрекеттерін бақылау, ойынға қатысу барысында олардың сөйлеу қабілеттерінің дамуы деңгейі жайында белгілі бір түсінік қалыптасты.  Әр баланың сөйлеу қабілетінің дамуы әр түрлі болып шықты. Бұл жастағы балалардың басым бөлігін сөз қорының аздығымен, фонематикалық есту қабілеттерінің, сөз байланыстарының дамымағандылығымен, грамматикалық жүйе, сөйлеу барысында тыныс алу жолдарының бұзылуымен, дыбыстардың дұрыс айта алмауымен сипаттауға болады. Сондықтанда  Су-Джок терапиясын балалардың тілін дамыту үшін пайдалану керек.

 


Текст