«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Денсаулық еліне саяхат.

Денсаулық еліне саяхат

Білім беру саласы:Денсаулық

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Мақсаты:білімділік-пайдалы  азық-түлік,дәруменде және салауатты   тамақтаудың   маңызы   туралы  білімдерін  бекіту,дәрумендер   жетіспегеннен  болатын   аурулар,жеміс-жидек   пен көкіністердің   пайдасы  туралы  білімдерін   жетілдіру; дамытушылық  -есте  сақтау,ойлау қабілеттерін  арттыру,зейіндерін  шоғырландыру;тәрбиелік-өз  ағзасын  күтуге  тәрбиелеу.

Қажетті  құрал-жабдық,көрнекілік:интерактивтік  тақта,слайд,жеміс-жидек пен  көкөністердің  бояуға  арналған   суреттері,желім,күріш  жармасы,түрлі-түсті бояулар,сулық,орамал.

Қостілдік   компонент:дәрумендер-витамины,жеміс-жидек-фрукты,көкіністер-овощи.

 

Әрекет  кезеңі

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Сәлеметсіздер ме,балалар.

 

Шуақты  күннің  сәулесі,
Жайнасын  бүгін  жарқырап.
Амансың ба Нұрлы  Күн!
Шуағыңды  төк  бүгін!
Қайырлы  болсын  күніміз,
Амансың  ба,  достарым!
Әрдайым  әсем  гүлсіңдер!
Амансыз ба, ұстазым!
Шат  болсын  әркез күніңіз,
Амансыздар, қонақтар!

Сәлемдеседі.

Шеңберге  тұрады,өлең  жолдарын  қимылмен қоса қайталап айтады.

Ұйымдастыру -іздену

-Балалар ,бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің  тақырыбы-“Азық-түлік Дәрумендер” .

 

Жұмбақ жасыру

Шашы жердің бетінде,

Өзі жердің астында?

 

Қалың  киімді ұнатады,

Шешіндірсең  жылатады.

 

Аласа  талда алуан алма,

Ал қызыл болмай аузыңа салма.

 

 

 

-Мына  суретте  не көріп тұрсыңдар?

 

-Балалар жеміс-жидек пен көкіністер денсаулыққа өте пайдалы,себебі   олардың құрамында дәрумендер өте көп.

Дәрумендер –адам денсаулығының  жақсы болып қалыптасуына  көмектесетін заттар.Дәруменді  өсімдіктер мен  жануарлар  бөліп шығара алады.Адамдар дәрумендер тамақ арқылы қабылдайды.Көкіністер мен жемістерде,басқа да  азық-түлікте  көптеген дәрумен бар.Егер балалар  дәруменді аз қабылдаса,ол аурушаң  болып,тәбеті нашарлайды ,баяу өседі.Сондықтан үнемі  дәруменге   бай  жеміс-жидекті және көкөністеғр мен азық-түлікті  жеп тұру керек.

 

-Балалар,жеміс-жидек пен көкіністерді  жеміс бұрын  міндетті түрде  не істеуіміз керек?

-Иә,дұрыс  айтасыңда,оларды  тазалап,жуып жеу керек.

Балалар,дәрумендерге  бай  жеміс-жидек  пен көкіністер  туралы білгілерің  келе ме?

-Сендер олар туралы тақпақ білесіңдер ме.қане,айтып беріңдерші.

 

-Сәбіздің Отаны –Жерорта теңізі,одан ол барлық  жерлерге тарала бастады.Құрамы дәрумендерге өте бай:А,В,С,Д,Е.

 

 

 

 

 

-Баклажанның Отаны –Үндістан.

Арабша “Биданшан,баданжан”деп те атайды.Ерте кезде өте ащы болған,оны  ешкім  жей алмаған.Пісірілген  баклажанды  тіс ауырғанда  басып емдеген.

 

-Асқабақ-бақшадағы  ең ірі көкөніс.Салмағы 16 кг дейін жетеді және суыққа да төзімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Орамжапырақты ежелгі египеттіктер қатты жақсы көрген.Адамдардың ас қорыту  мүшелеріне  өте пайдалы.Қыс бойы оны тұздап қойып,тағамға қажетті  дәрумендері үшін пайдаланған.

 

 

Алма,алмұрт,жүзім,итмұрын,қарақаттың құрамында  С дәрумені бар.Тағамда

С дәрумені  жеткіліксіз болса,адам қырқұлақ ауруына  шалдығады.Қырқұлақ дегеніміз-тіс түбінің,қызыл иектің зақымдануы.

 

 

 

 

 

-Картоптың Отаны –Оңтүстік Америка.Құрамында 14-24% крахмал бар.Картоптың 200-ге жуық тағам әзірленеді.

 

 

 

-Қызылша Жерорта теңізінде дүниеге келген.Қызылшаны  тыныштандыратын дәрі ретінде  балалардың жүйке жүйесіне  пайдаланады.

-Балалар  мына суретте  қандай көкіністерді  көріп тұрсыңдар?

-Иә,бұл  көкіністерде  денсаулыққа  пайдалы.Қиярдан ежелгі Египетте  шырын жасап ішкен және  әртүрлі  ауруларға  қарсы пайдаланған.Қияр   терінің  қартаймауына  көмектеседі.

 

Ал қияр  жүрген  жерде міндетті  түрде  қызанақ  та бар.Қызанақтың Отаны-Перу.Оның  құрамында А дәрумені бар.

 

-Балалар  қияр туралы  ертегі  тыңдағыларың  келе ме?Ендеше “Қияр  мен қырыққабат” деген ертегі айтып  берейін.

 

“Ертеде қияр мен қырыққабат   қол ұстасқан  дос болыпты.Бір күні екі дос  суға  шомылуға өзенге келіпті.Келген бетте  қияр шешініп,суға күмп беріпті де  жүзе бастапты.Қырыққабат  қабат-қабат  “көйлегін” бір-бірлеп  шешкенше,күн де батып,қас  қарайыпты.Осыған дейін  су ішінде  тұрған қиярдың  терісі  әбден күлдіріп кетіпті.Қиярдың  қабығындағы  бүршіктер,міне,содан пайда  болыпты”.

-Балалар,ертегі ұнады ма?Ертегіде  қандай көкіністер  туралы айтылған?Қиярдың үстіндегі  бүршіктер  қалай пайда болған екен?

 

Сергіту  сәті:

Жақын  келіп тұрайық,

Шеңберді  біз  құрайық.

Таңертең ерте тұрайық,

Бетті,қолды  жуайық.

Тісімізді тазалап,

Айнаға да қарайық.

Шашымызды тарайық,

Денсаулықты сақтайық.

Сабын,тарақ,шөткімен

Тазаланып тұрайық.

Тазаланып болғасын

Бау-бақшаға  барайық.

Көкіністер пісіпті,

Жеміс-жидек  түсіпті,

Жинап,теріп алайық.

Топтық  жұмыс:

Шығармашылық  тапсырма.Балаларды үш топқа бөліп,бірінші  топқа жеміс жапсырмалату,екінші топқа жеміс бояту,үшінші  топ ермексазбен жеміс жасату.

Жұмбақтардың жауаптарын табады.

 

 

 

-Сәбіз

 

 

-Пияз

 

 

 

-Қызанақ

 

 

 

-Жеміс-жидек,көкөністер.

 

Тәрбиешінің түсіндірмесін  тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Оларды жуып жеу керек.

 

 

 

-Иә.

 

 

 

 

1-бала:Сәбіз

Сары,дәмді,ұзынмын,

Жер астына тығылдым.

Тартсаң тшыға келемін,

Өсіп тұрған бұрымнан.

Күзде қапзып аласыз.

Тамаққа  да саласыз.

Егер мені көп жесең,

Биік,ұзын  боласыз.

2-бала:Баклажан

Мен баклажан,баклажан,

Емдік қасиет  беремін.

Тіс ауруды  жазамын,

Емделем десең әзірмін.

 

 

-3бала:Асқабақ

Іші ірі,сыртық қатты,

Дәні дәрі,дәмі тәтті.

Пісіріп жесең ас,тамақ.

Менің  атым-асқабақ.

Домаланған дәумін,

Құшаққа мен сыймаймын.

Күзге дейін сыймаймын.

Күзге дейін бақшада,

Суық түссе жинайды.

 

4 бала:Орамжапырақ

Дәмді болсын десең

Орамжапырақты  егер,

Жаздай суар оны,

Жатпасын шөлдеп бекер.

Орамжапырақ та сенің

Еңбегіңді өтер.

 

5-бала:Алма

Мен алмамын,алмамын,

Денсаулыққа пайдамын.

Сусынымды ішсеңіз,

Көп ауруды жазамын.

6-бала:Алмұрт

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Ағашта биік өсемін.

Күннің көзінсүйемін,

Көмегімді беремін.

 

7-бала:Картоп

Ылғалды топырақ-мекенім,

Сол жерде  жақсы өсемін.

Жегенде жақсы тоясын,

Ұраға салып қоясын.

Мен екінші Нанмын!

 

8-бала:Қызылша

Мен   қызылшамын,мен тәттімін.Менің құрамымда  қант бар.

 

-Қияр,қызылша

 

 

 

 

 

 

 

Ертегі тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап  береді.

 

 

 

 

Сергіту  жаттығуын орындайды .

 

 

 

 

Тәрбиешінің  түсіндірмесін  тыңдайды және  естерінде  сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды.

Рефлекеті -түзетушілік

-Балалар,бүгін сабақта не туралы білдіңдер?

-Дәрумендер қандай азық-түліктер кездеседі?

Ауырмай,денсаулықтарымыз мықты болу ұшін үнемі не жеуіміз керек?

Сабаққа  жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек: дәрумендердің  пайдасы туралы.

Нені игереді: Жеміс –жидек пен көкіністердің  дәруменге  бай екенін  және көптеген ауруға қарсы  пайдалануға болатынын.

Нені біледі: Топпен жұмыс атқарады.

Жаңартылған күні: 25.10.2019 12:25
Құрылған күні: 25.10.2019 12:25

Текст