«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік рәміздері күні

4 маусым күні  «Қарлығаш» пен «Ақбота» ІІ кіші топтары  қосылып рәміздер күніне арналған «Ел рәміздері - еркіндік нышаны» тақырыбындағы тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағат барысында балаларымызды елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыта отырып, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру мақсат қойылды. Бүлдіршіндерімізді ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату. Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Сонымен қатар тәрбие сағаттын барысында балаларымыз патриоттық ән айтып, флэшмоб биледі.

Осы тәрбие сағатымызда балалар  Қазақстан Республикасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, мол мәлімет алды, оның қандай екендігін  білді.

Балалар, Қазақстан, туған жер туралы тақпақтар айтып, отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.

 

Жаңартылған күні: 04.06.2019 16:32
Құрылған күні: 04.06.2019 16:32

Текст