«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үй жануарлары" ерте жас тобы

Тақырыбы:Үй жанунарлары
Білім беру саласы:
«Қатынас»
Оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.
Мақсаты: балаларды үй жануарлармен таныстырып,сөздегі буындарды,дыбыстарды ажырата үйрету.
Дамытушылық:балалардың тілін,ойлау,сөйлеу қаблетін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды жануарларды қорғауға,қамқор болуға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру,әңгімелесу,көрсету,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі

Балалар бір-бірінің қолдарын ұстап тұрып,шеңбер бойымен тілек айтады.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, достарым?
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық.
-Жарайсыңдар,балалар,көңіл-күйіміз жақсы болса,көңілді сабағымызды бастайық. Қазір жылдың қай мезгілі?
Тақтамен жұмыс
-Балалар мына суреттерде нелер бейнеленген? Қандай жануарлар екен? Үй жануарлары ма? Жабайы жануарлар ма? 
-Балалар,үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Сендер қандай жануарларды білесіңдер?
-Сиырдың,жылқының,түйенің,қойдың,ешкінің төлін қалай айтамыз?
-Бұзау,құлын,бота,қозы,лақ деп айтамыз.
Тәрбиеші үй жануарларының пайдасы туралы түсінік береді.
-Малдың терісінен тон тігіледі,сиырдың сүтін ішеміз,етін жейміз,қойдың жүні ұзын,оны көктемде қырқып,көрпе жасаймыз.
Сергіту сәті:
Нәйм,найм,бауырсақ,
Суға ағып шомылмақ.
Жаман бала ойынсақ,
Жақсы бала малсақ.
Қортынды
-Балалар,аналарың мсендерді қалай еркелетеді?
-Бүгінгі сабақта үй жануарларын  және олардың төлдерін атап береді, қалай дыбыс шығаратынын салады.
Әр баланың  еңбегі бағаланып,оларға жұлдызша таратылады.
Білу керек: Үй жануарларының атауларын,төлдердің аттарын атауды біледі.
Үйрену керек: Үй жануарларын қорғауды,сүйіспеншілікпен қарауды үйренді.
 

Жаңартылған күні: 23.05.2019 14:28
Құрылған күні: 23.05.2019 14:28

Текст