«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздер - спортшылармыз» эстафеталық жарыс

 Тақырыбы: «Біздер - спортшылармыз» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар: кедергілер, арқан, ағаш ат.

 

Жүргізуші:

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігімол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Біз – спортшылармыз” атты эстафеталық жарысымызға кош келдініздер.

Қазақстан Республикасының ұлттық ән ұраы орындалсын.

Жүргізуші:

Дүбірле бақшам, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Қуаныш толып жүзіңде

Арнаулы жолдан сүрінбе

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1. Жүгіріп кедергілерден өту

2. Қамшыны 1 ші бала қоянды, оны 2 ші  бала барып әкеледі

3.Таяқша атқа мініп жүгіріп айналып келу

4.Арқан тартыс

5. «Әр қашан күн сөнбесін»

 

 «Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,

      Жарысымызды бастаймыз!

Ал енді сайысымызды бастайық.

1.Жүгіріп кедергілерден өту

 

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

2. Қамшыны 1 ші бала қоянды, оны 2 ші  бала барып әкеледі

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

3.Таяқша атқа мініп жүгіріп айналып келу

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

 

4 «Арқан тартыс» жарысы

Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

 

Қазағымның ойыны арқан тартыс,

Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс

Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.

Көтеріп, ең биікке туын намыс.

5. «Әр қашан күн сөнбесін»

         

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

 

Жаңартылған күні: 17.03.2021 15:17
Құрылған күні: 17.03.2021 15:17

Текст