«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халық педагогикасы

Мектепке дейінгі тәрбие беру үрдісінде халық педагогикасын

тиімді пайдаланудағы жетістіктерім.

Қазіргі  заман  талабына  сай, жан - жақты  жетілген,  бойында ұлттық  сана  мен  ұлттық  психология  қалыптасқан,  имандылық әдебі  парасаты  бар  ұрпақ  тәрбиелеу,  өсіру,  білім   беру  бүгінгі  таңда  отбасының,  балабақшаның,  барша  елдің  халықтың міндеті.

Н.Ә.Назарбаев.

Мектепке  дейінгі тәрбие беру мен оқыту кезеңінде халық педагогикасы  арқылы  ұлттық тәрбие беру-әр тәрбиеші үшін ұлағатты іс. Халқымыз тәрбиелеу мен оқыту ісін баланың неғұрлым жас кезінен бастау керек деген қағиданы жоғары қойған. Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың  тәрбиеге  қатысты  ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен  іс-тәжірибелерінің  жиынтығы  арқылы өзіміздің ана сүтімізбен енген  ана  тіліміз  отбасы мен балабақшалардан бастау алатыны сөзсіз. Халық педагогикасы –ұлттық тәжірибелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: жырлар, ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салт- дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен ойыншықтар жатады. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиенің белгілі жүйесінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде жас буынның жадына біртіндеп сіңіріп отыратын  арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерді күнделікті  оқу-іс әрекеттерінде пайдаланып жүрмін. Мәселен, көркем әдебиет сабағында ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге,жақсылық пен  жамандықты ажырата алуға, оның қиялын дамытып, тілін  ширатып, жан дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, сол арқылы адамгершілікке тәрбиелейді.  Ал тіл дамыту сабағында жұмбақтар шешу баланың ой-өрісін дамытады. Жаңылтпаштар  тәрбиеленушінің тілін  ширатады, жаңылтпаштың дүниетанымдық  түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әр баланың ой- өрісін кеңейтеді. Балалар жаңылтпаштарды жаттау арқылы сөздердегі дыбыстарды анық айта білуге үйренеді. Қазақ халқының жұмбақтары баланың ойын ғана дамытып қоймай, қиялын шарықтатып, пайымдау қабілетін дамытады және тапқырлыққа баулиды. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда халық санамақтарын пайдаланамын. Санамақтар  баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжетті  нұсқалары тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде  құрылған  санамақтар балғын жастың танымдық  қабілетін дамытуға септігін тигізеді.Балаларға санауды үйреткенде, осы халық педагогикасындағы санамақтарды жиі қолданамын. Балалар санамақтарды саусақтары  арқылы санай отырып, әрі тілдік сөз байлықтарын бірге дамытуға септігін тигізетіндігін өз тәжірибемнен көріп келемін. Кейбір санамақтар отбасы мүшелерін саусақпен санауға арналған. Міне, осындай санамақтарды жаттай отырып, әрі үйдегі отбасы мүшелерін де танып біледі. Сол арқылы баланың өзінің отбасына деген сүйіспеншілігі, үйдің данасы атасы мен әжесіне деген бауырмалдылығы, әкесі мен анасына деген бала махаббаты арта түседі.Әр тұрмыстағы бұйымдар туралы және жан-жануарлар туралы санамақтар да баланың дүниетанымдық  қабілетін дамытуға әсер ететінін байқап жүрмін. Мысалы, :жан-жануарлар туралы санамақтарды айтқанда, балалар сол жануарлардың іс-қимылдарын қоса орындайды, әрі қоршаған ортадағы тіршілік иелеріне деген қызығушылықтары  артады. Ал тұрмыстық қарапайым заттарды тани отырып, оларды  не үшін  қолданатынын  біледі. Сонымен қатар  қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері сабақтарында ауа - райын бақылауда халық  болжамына сүйеніп, балалардың табиғатқа  сүйіспеншілігін арттырып, қызығушылығын, пайымдау қабілетін дамытуға болады. Ал ересектер  және мектеп  алды  даярлық топтарының  балаларына  тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді жаттатқызып, олардың мән-мағынасын суреттер арқылы көрсете отырып түсіндіру, ең алдымен баланың тіл байлығын дамытады.  5 - 6 жастағы балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып үйренуге талпынады. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес оның мақал-мәтелдері де мол. Ауыздан-ауызға тарайтын бұл жанрды  көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында тақырыпқа сай, әрі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тілдерін жаттықтыру мақсатында қолданып жүрмін.Ұлттық ойындарымыз балаларды жастайынан ептілікке, алғырлыққа тәрбиелейді. Осыған орай  қазақ халқының ағартушы педагогы М. Жұмабаев баланың ойыны туралы: «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады.Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала әсерлерін пайдаланады. Айналасында  тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды.»,- ұлттық тұрмысымызға  сай  қазақ  баласының   психологиясын  танып  білді.

Ұлттық ойындарымызды балабақшада балаларға үйретемін. Менің өзімнің  іс-тәжірибемнен түйіндегенім:  балалармен әр түрлі ойындар ойнауға болады.  Кейбір  ойындар тілді  жаттықтыру  үшін қолданылады,  ал енді біреуі арнайы бір жағдаятқа негізделіп келеді және ол бір драмалық шығармаға ұқсайды, өйткені оның өзінің ой желісі, соған қатысты кейіпкерлері болады.  Егер жағдаят балалардың өмірімен байланысты болса, онда олардың ойынға деген қызығушылығы артады, бір-бірімен сайысқа түсіп, эмоционалдық көңіл-күйге жағдай туады. Ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін балалар тек қана сөзді ғана қолданып  қоймай, сонымен қатар мимика  түрлерін де қолдана алады. Менің балабақшада тәрбиеші мамандығым бойынша жұмыс істеп келе жатқаныма 18 жылдай уақыт болды. Осы жылдар ішінде балалармен жұмыс жасағанда ойын арқылы мына міндеттерді  шешуге  болатынын түсіндім. Балаларды психологиялық жағынан дайындауға, тәрбиеленушінің ойын арқылы белсенділігін арттыруға,  тілдік  материалды  бірнеше  рет қайталауға, тез және дұрыс жауап беруге, оқу іс-әрекетін қызықты өткізуге және ойын арқылы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, ұйымшылдығын дамытуға болатынын өзімнің өмірлік іс-тәжірибемнен анықтадым. Ұлттық ойындар арқылы баланы тәрбилеуде, олардың танымдық қабілеттерін дамытуға болатынын  түсіндім. Қандай ойын болмасын, сол ойынның ережесін орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал ететінін күнделікті балалармен ойын ойнау кезінде бақылап жүрмін.  Ұлттық ойындар арқылы балалардың  күнделікті өмірді тануға үйренсе, ұйқасты тіркестер олардың өлеңге деген құштарлығын оятады, тіл байлығын дамытады. Ал ең бастысы, балалар өздерінің  қалауы  бойынша  ойын  арқылы  оқу материалын әртүрлі тұрғыдан  бірнеше  рет  қайталауға  мүмкіндік  туады. Сонымен бірге ұлттық ойындар  өзара  сайыстыру  арқылы  тәрбиеленушілердің  білімдерін көтеруге  орасан  зор  ықпал  етеді. Мен  өз мамандығымды әрқашанда мақтан  тұтамын. Мектепке  дейінгі  мекемеде  тәрбиеші  болып жұмыс жасай отырып, балаларды ұлтық тәрбиемен тәрбиелеуді өзіме мақсат еттім. Балаларға  қазақ  халқының  ертегілерін қуыршақ театры арқылы шағын қойылымдармен  көрсетіп,  олардың  қиялын  шарықтатып,  балаларға   ертегі кейіпкерлерінен  жақсы  тәлім - тәрбие  алуға , сол  арқылы  жастайынан қазақи  тәрбиені көріп, жақсы мен жаманды  ажырата білуге ,үлкенді сыйлап, кішіге   қамқор   болуға   тәрбиелеуді   өзіме   міндет   еттім.

 

 

 

 

 

Ұлттық  тәрбие  жүйесі

 

 

 

 

 

         

 

Аналар

үлгісі

 

 

 

Жаңартылған күні: 05.09.2019 17:54
Құрылған күні: 05.09.2019 17:54

Текст