«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын 2019 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі есебі

Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы»             мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мемлекеттік қызметтің 3  түрін көрсетеді:

  1.  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»- 68;
  2. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды аудару немесе алмасу үшін құжаттарды қабылдау»-0;
  3.  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»-1;

Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді.

     2019 жылы Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы»             мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында мемлекеттік қызметтің 2 түрі бойынша 69 қызмет көрсетілді, олар: көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-19; ЭҮП-49; ХҚКО арқылы-1;

2019 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында ең талап етілетін мемлекеттік қызмет: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»- 68;

   Сондай-ақ Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы»             мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.

2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

  Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

        Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2020 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

 

Меңгеруші:                                                          Т.Сайфуллина                                                                                                        

 

Жаңартылған күні: 26.02.2020 18:58
Құрылған күні: 26.02.2020 18:58

Текст