«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

тех карта Көктем мезгілі

Технологиялық карта

Күні:

Білім беру саласы:«Коммуникация» 

Ұйымдастрылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Көктем мезгілі

Мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылытады, құстар ұшып келеді), сөздерге анықтаматаңдауға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. Сұрақтар қою ынтасын тәрбиелеу. Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, суремте шешімін табуға үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.

Қолданылатын көрнекті құралдар:Үлестірмелі  материалдар.

Сөздік жұмыс: Бәйшешек, бүршік, көктем.

Үштілділік  компонент: Бәйшешек-подснежник-snowdrop, бүршік-почка-bourgeon, көктем-весна-spring.

 

 Іс-әрекетінің кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шаттық шеңбері:

Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.

Сәлем бердік көктемге,

Сәлем бердік ашық аспан.

Сәлем бердік жер ана,

Сәлем бердік баршаңа.

Жайғасып отырады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Қимылдарды жасап, балалар бір-бірімен амандасады.

Сәлем бердік көктемге,

Сәлем бердік ашық аспан.

Сәлем бердік жер ана,

Сәлем бердік баршаңа.

Жайғасып отырады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар бүгінгі оқу іс әрекетімізді бастамас бұрын жаңа сөздермен таңысайық

Сөздік жұмыс:

Бәйшешек, бүршік, көктем, көктем келді.

-Балалар біз бүгін Е. Өтетілеуұлының «Көктем» өлеңімен танысамыз

Алақай, алақай,

Қуанды балақай!

Қыс кетті, құс кепті.

Қар кетті, қыр кетті.

Нұр төккен

Бұл қай мезгіл!

-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ жасыру:

Тырс-тырс етіп тамады,

Сайға қарай ағады.

Ол не?

 

Қанаты жоқ -ұшады,

Аяғы жоқ-қашады.

Ол не?

 

Қыста- айна,

Көктемде-су.

Ол не?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай балалар

Үп үлкен боп өседі.

 

Дыбыстық жаттығулар:

-Кө-кө-кө-көктем

-ді-ді-ді-көңілді

Үштілділік компонент:

Бәйшешек-подснежник-snowdrop, бүршік-почка-bourgeon, көктем-весна-spring.

Д/О: «Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты: мезгілдердің ерекшеліктерін сипаттай білуге білімдерін жетілдіру.

 

-Көктем мезгілінде күн ашық, әдемі гүлдер өседі.

-Көктем мезгіліндегі оянатын табиғаттымызды қорғап, аялау керек.

Жұмыс барысында тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.

 

 

 

 

Қайталайды

 

-Өлең жұмбақты мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

-Бұл-көктем!

Сұрақтарға жауап береді.

-Күн жылынады, қар ериді, айналамызды қоршаған табиғатымыз ояна бастайды, жер жасыл кілемге оранады, жылы жақтан құстар оралады, алғашқы бәйшешек гүлдер шығады, жаңбыр жауады.

 

 

 

-Жаңбыр.

 

 

-Жел.

 

 

 

-Мұз.

 

Сәйкес қимыл жасайды

 

 

 

 

Тілдерін жаттықтырып жаттығу жасайды

 

Қайталайды.

 

-Ойынды ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

-Тыңдайды.

.

Рефлекциялық түзетушілік

Сабақты қорытындылау:

-Біз не туралы білдік ?

 

-Қазір қай мезгіл?

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін кім айтады?

 

-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгін оқу іс-әрекетіне кім жақсы қатысты?

Мадақтау.

 

-Көктем мезгілі туралы білдік.

-Қазір қөктем мезгілі.

-Күн жылынады, қар ериді, бәйшешек гүл өседі, жылы жақтан құстар ұшып келеді.

-Бір-бірін бағалайды.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруды;

Түсінеді: сөздерге анықтама таңдауды;

Қолданады: жұмбақтардың мағынасын түсінуді

 

 

Жаңартылған күні: 13.05.2019 16:20
Құрылған күні: 13.05.2019 16:20

Текст