«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәбилердің тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту

            Сәбилердің тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту.
                                            (І сәбилер тобы)
Баланы жан-жақты тәрбиелеу,оның дүние танымын жетілдіру,сөздік қоры мен сөйлеу тілін,ой өрісін дамытып,еңбекке баулу-балабақшадағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларды ауызекі сөйлеуге үйретіп,олардың ой өрісін кеңейтудің негізгі –айналадағы орта мен табиғат құбылыстарын бақылату. Тіл дамыту  сабақтарын ұйымдастыру,сабақты алдын ала жоспарлау барысында тәрбиеші бұларды әрқашан ескеріп отыруы қажет. Тәрбиелеу және білім беру жұмыстарының негізгі түрі-сабақ.
Сабақты ұйымдастыруда оқу жоспары,бағдарлама басшылыққа алынады. Сабақтың мазмұны дидактикалық принциптерге сәйкес,әр топтағы балалардың жасына,білім деңгейі мен даму ерекшелігіне қарай белгіленеді. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады,оның ойлау қаблетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады.  Екіден үш жасқа дейінгі алалармен өтілетін сабақтар түрлі көрнекілік пен дидактикалық ойын әдісіне негізделеді. Сабақ үстінде заттарды көрсетіп,атап айтып тыңдату,ойнату әдістері арқылы балалардың зейін,қабыдау қаблеттері дамиды.
Балалардың бұрын көрген-түйгенін,түрлі іс-әрекет дағдыларын әрі қарай дамыту,бір жүйеге келтіру балабақшадағы арнайы өтілетін сабақтар арқылы жүзеге асады. Тіл дамыту сабақтарында түрлі заттық ұғымды білдіретін сөздер үйретілсе,оны айналадағы тұрмысқа қажетті бұйымдарды бақылау кезінде естеріне түсіру,сурет  жапсыру,мүсіндеу сабақтарында бала бұрын білетін заттарды бейнелету,оның түр-түсін,қалай аталатынын сұрап,дұрыс жауап беруге үйрету.
Екі-үш жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын  арқылы дамыту тақырыбында өткізілетін сабақта  балалардың тілдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту,есте сақтау дағдыларын қалыптастыру,балалардың ой,зейін,сөйлеу дәрежесін дамыту және дербес орындайтын жұмысына бағыт беріп,айтқан сөзді түсініп қабылдай білуге үйрету мақсаты көзделеді.
Дыбыстарды айтудың артикуляциялық аппаратын әзірлеу.Балаларды анық,асықпай,барынша қатты айтуға үйрету,сөздің қарқыны мен ырғағын бақылау,
-сөздің дыбысталу жағын жүйелі түрде дамыту: есіту түйсігі,сөзді есту,тілдік демалыс,айтылым аппараты.
-дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру,
-суреттегі,көрген кітабындағы,ойыншықтар жайлы қысқа өлеңдерді айтуға тәрбиелеу,
-сөздің мәнін түсіну үшін балаларды өзара әңгімелесуге тарту.
Ертегі  әңгіме желісіндегі сөйлеу интонациясын үлкендердің көмегімен айтуға тәрбиелеу.
Балалармен жұмыс істеу мазмұны: жуыну,киіну,ұйқыға жату,ұйқыдан тұрған соң жеңіл-желпі жұмыстарға баулу кездерінде үйренген сөздерін,дыбыстарды қайталап айту,айтқызу және ойната сөйлету арқылы балаларды сөзге қызықтырып отыру. Үлкен адамдрдың сұрақ-жауаптарына жолдастарының сөздеріне дұрыс жауап беруге үйрету. Өздерінің  жатқа білетін тақпақтары мен әндерін қайталап айтуға,өз құрбыластарымен,үлкендермен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасауға,оларға сұрақ қойып,жауап ала білуге жаттықтыру.
Сәбидің сөз қорын молайтып,сөйлеу тілін дамыту ісі балабақшада арнайы өтілетін сабақтарда,сабақтан тыс ойын,серуен кезінде іске асады. Тіл үйрету жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын,табиғат тамашаларын бақылап,баланың таным,сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады.
Тәрбиеші баланы ойната сөйлету ісіне баса көңіл бөлгені жөн. Бұл жастағы балалардың тілін дамыту жөнінде өтілетін жұмыс түрлері бағдарламада пайдаланып көрсетілген. Әр сабақта  балаға танымал,бұрыннан білетін заттың,іс-әрекеттің белгісіз жағын байқата түсіндіріп олардың қабылдау,таным,сезім ой әрекетін кеңейтіп,ауызша сөйлеуге үйрету басты міндет болып табылады.
Екі  жастағы баланың тілін дамытуға сөздің лексикалық жағын молайтумен қатар,ол  сөздерді нақты түсініп айту,қажетіне қарай қолдана  білуге үйрету көзделеді. Мектеп  жасына дейінгі балалардың сөз қорын жетілдіріп,сөйлеу тілін дамыту айналадағы өмір шындығын бақылатумен біртұтас,тығыз  байланыста жүргізіледі.
Сол  себепті тәрбиеші әр сабақта,сабақтан тыс жұмыстарда балаға сөз үйрете отырып,заттық ұғымға қоса іс-әрекетті білдіретін сөздерді дұрыс айтуға үйретеді.
Әр сабақта балалардың сөздік қорын молайтуда екі жаңа сөз меңгерту көзделеді.
Сабақ үстінде балалармен сөзбен-сөз қарым-қатынас жасай отырып,тәрбиеші баланың әр сөзді анық,дұрыс айтуын қадағалап,түзетіп отырады,байланыстырып сөйлеуге үйретуде сурет көрсетіп әңгімелесу,ойыншықтармен дидактикалық ойын өткізу,шығарма оқып тыңдату,диалог түрінде (екі-үш жас) сөйлесуге баулиды.

Жаңартылған күні: 14.06.2019 14:12
Құрылған күні: 14.06.2019 14:12

Текст