12.03.2026
Наурыз мейрамы - көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, береке мен бірлікті білдіретін ежелгі мереке. Бұл мейрам қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн болып табылады. Наурыз – адамдарды татулыққа, сыйластыққа, мейірімділік пен ізгілікке шақыратын мереке.
Наурыз мерекесін ұйымдастыру барысында балаларға қазақ халқының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері, тағамдары мен әдет-ғұрыптары туралы түсініктері кеңейтіліп, дәріптеледі. Балалар тақпақ айтып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысу арқылы мерекелік көңіл-күйді сезінеді. Балалардың достық қарым-қатынасы және ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасады.
Мерекелік шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру аса маңызды. Мерекелік бағдарламаның мазмұны тәрбиелік мәнге ие болып, балалардың дамуына оң әсер етуі тиіс.