"Балабақшада
денсаулық технологиясын енгізуде физикалық және психологиялық жолдармен
қамтамасыз ету"
Қай кезеңде болмасын
білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала
тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам
басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер
тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың
жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді.
«Саулық байлық негізі» - деп
айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың алдын алу
және болдырмауға тырысуы керек.
Балалардың денсаулықтары
бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Сондықтан баланың физикалық, психологиялық
денсаулығын нығайту, жетілдіру үшін аянбай еңбек ету керек. Әрқашан жан – жақты
ізденісте болып, баланың мінез - құлығына аса назар аудару әрқайсысымыздың
міндетіміз болып табылады. Бүлдіршіндердің бойы әрдайым шынығып тұруы керектігі
анық: сабақтарда қанша отырып жұмыс істесе, соншалықты қозғалыста болуы
қажет.
Осы бағытта жұмыс
жүргізу үшін денсаулық технологияларды қолдануға болады да әрі қолдану керек
те. Денсаулық технологиялары физикалық, психологиялық тұрғыда дұрыс дамытудың
жүйелі түрі, құралы және әдісі. Оларды білім беру ұйымдастырылған оқу іс
әрекеттерінде, психологиялық, физиологиялық дамуларының оптималды нәтижелеріне
қол жеткізу үшін қолданады.Сонымен қатар, педагогикалық технологиялардың бірі
–денсаулық технологиясы, балалардың физикалық, психологиялық дұрыс қалыптасуы,
жеке тұғалық және әлеуметтік жетістігін қолдаудағы нәтижелерге жету үшін бағытталған. Денсаулық
тарабында физикалық - психологиялық тұжырымдылыққа жетудің маңызды жолдары, ол
жүйелілік, тиімділік болып саналады.
Баланың психологиялық, физиологиялық денінің саулығының бастапқы шарты:
салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болуы. Ол үшін, күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Психологиялық,
физиологиялық дені сау бала кез-келген ауруға қарсы тұра алады. Себебі, ағзада
барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты
жұмыс жасайды, жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару кезектеседі,
асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.Жалпы табиғатта барлық
жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн мен түн
ауысуы...
Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерден
бастап баланың психологиялық, физиологиялық
тұрғыларда дұрыс дамуына тікелей байланысты болғандықтан күн тәртібі
қатаң сақталуға үлкен көңіл бөлінген. Шынықтыру-сауықтыру шараларының да
тәртібі болған жағдайда ғана баланың психологиялық, физиологиялық дамуына
тиімді болады.
Мектепке дейінгі
ұйымындағы шынықтыру-сауықтырудың негізгі міндеттері
Баланыңденсаулығын
нығайту және сақтау
Баланың дене тәрбиесінің
сапалы дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл
ептілігін қалыптастыру
Баланың қимыл
белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру
Салауатты өмір салтының
талаптарына сай тәрбиелеу
Психологиялық және
физиологиялық саулықпен қамту
Біз физикалық, психологиялық денсаулық сақтау технологиясын жалпы
педагогикалық технологияға жатқызамыз, өйткені салауатты өмір салтын
қалыптастыру оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеті болып табылады.Сабақ
барысында балалардың шаршауын болдырмау, шаршататын әсерлерді азайту, сабақты
ұйымдастыруда денсаулыққа зияны, әсері тимейтін әдістерді, технологияны қолдануды қадағалау физикалық
және психологиялық дұрыс дамуына ықпал етеді. Жалпы физикалық, психологиялық
денсаулыққа зиянды әсер ететін факторлар.
Дұрыс тамақтанбау.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан
шыққан балалар
Дене белсенділігінің шектеулілігі.
Балалар өмірінде күнделікті жан - жақты, артық ақпараттар ағыны, оның
үдемелі қарқындылығы, шамадан тыс эмоционалды жүйке жүйесіне салмақ түсу,
осының бәрі баланың психологиялық денсаулығына әсер етпей қоймайды. Денсаулықты
сақтау, қалпына келтіру мәселесін бүгінгі білім беру жүйесінде салауаттандыруға
ұмтылу керек. Физиологтардың зерттеулері бойынша, ауа алмасу жеткіліксіз бөлмесіндегі балалар тыныс алу ауруларымен ауасы
таза бөлмесіндегі оқитын балаларға қарағанда екі есе жиі ауырады екен.
Сондықтан топтар бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Шаршау мен жалығу
сабақтың қиындығына, ұзақтығына,псиологиялық эмоционалдылығына қарай
анықталады. Сонымен бірге мұны балалардың іс – әрекеті мен білімін, қабілетін қалыптастыру
деңгейімен де, сабаққа белсенді қатысуымен де анықтауға болады. оқушылар көп
жаттығулар орындайды. Біздің балабақшамызда балалардың физикалық, психологиялық
денсаулықтарын қамтамасыз ету жолында таңғы жаттығулар комплексін орындайды,
дене шынықтыру сабағы әр топта аптасына үш рет өткізіледі, қимыл – қозғалыс,
ұлттық ойындарын ойнайды. Сонымен қатар
уақытында тамақтанып, түскі ұйқыда демалып, барлық денсаулық сақтау ережелерін
қадағалап отыру балалардың психологиялық және физикалық денсаулығының түзу
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Сабақта денсаулық технологияларын қолдану – ағзаның қорғаныш механизмін
жоғарлатады,
- әр түрлі
ауруларға, қарсы тұру қабілетін тұрақтандырады; -
жұмыс істеу қабілетін жоғарлатады; -
көңіл күйді жақсартады; -
сергек сезінуге көмектеседі; -
баланың жігерлі қабілетін дамытады; - мақсатқа жету мен дегеніне
ұмтылуын қалыптастырады; -
ағзаның зат алмасу процесін жақсартады.
Әрдайым қозғалыста болу адам ағзасына зор ықпал етеді. Сабақтарда денсаулық
сақтау технологияларын қолдану – балалардың физикалық, психхологиялық
денсаулығын сақтау мен нығайту шараларының жүйесі болып табылады. Баланың
тәрбиешісімен қарым - қатынасы өте тығыз болуы тиіс. Кез - келген сабақты
балалардың денсаулығын сақтай отырып, қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға
ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида екені баршамызға мәлім.
Өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын.
Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер
береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін
сабақты ете алады. «Қыран түлегіне - қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне
— алға бастар талап сыйлайды»деп бекер айтылмаған.
Менің өз тәжірибем
бойынша балалардың физикалық дене бітіміне, олардың психологиялық тұрғыда тез
шаршамауы үшін сергіту сәттерін, қимылды ойындарды жиі қолданамын. Сергіту
сәттері арқылы балалармен бірге қолдарына және барлық денеге әсер ететін жаттығулар
орындаймыз. Оқушылар демалып, әрі қарай сабаққа деген ынталары оянады. Сабақтың
тақырыбына қарай ұлттық ойындар да ойналады.Ақпараттық технологияны қолдана
отырып, балаларға арналған музыканың сүйемелдеуімен таңғы, сергіту жаттығулар
орындаймыз. Денсаулық минуттары оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі
физикалық және психологиялық әдісі ретінде қолданылатын дербес дидактикалық
категория. Денсаулық минуттары сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа
ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, демалдыру, сабақта
алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Балалардың бойы әрдайым
шынығып тұруы керек. Осы шынығу, әрдайым қозғалыста болу бала ағзасына,
физикалық, психологиялық тұрғыдан өте зор ықпал етеді. Тек дене шынықтыру
сабақтарында ғана емес барлық сабақтарда балалардың физикалық, психологиялық
денсаулығына аса мән беру керек деп ойлаймын.
Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын
психо – физиологиялық дамуларын жүзеге асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар
туғызу қажет.
Топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт
залда дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және
балабақша алаңында спорт алаңы болу тиіс. Осының барлығы баланың дене
тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, сабақтың тиімділігін
арттырады, балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға, физикалық,
психологиялық дамуларына мүмкіндік береді.
Салауатты өмір салтын
балалардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім
беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Балалардың денсаулықтары бүгінгі
таңда өте өзекті мәселе. Соңғы жылдардағы статистика мәліметтері бойынша
балалар денсаулығы күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр. Бұның барлығы
балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу - тәрбие үрдісіне қолдануын
туғызып отыр. Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі оқу орындарынан бастап
денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады.
Баланың саулығын сақтау жөніндегі денсаулық сақтау технологиялары жас
буынның тазалықты сақтап, бойларын
күтуіне едәуір себеп болар деймін.
«Ауырып - ем іздегенше, ауырмайтын - жол іздейік»!