Тақырыбы: «Ана – аса қымбат жан»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
«Ана – аса қымбат жан»
Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. «Шарлармен би»
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Ақбота» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Нұраят
Құтты болсын осы шаттық күніңіз! Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңізбен әрдайым, Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Анашым, қартаймашы»
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Айдана С.
Жанымызды жайнатқан Сіздер ғой ол – аналар, Зор денсаулық, мол бақыт Тілейміз біз балалар.
Нұрасыл
Түн ұйқысын төрт бөліп, Әлпештеген анашым, Жақсы болсам асырып Қамқор болған анашым.
Самира Ә. Ана біздің күніміз, Ана біздің гүліміз. Бізді ана қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз!
Тәрбиеші:
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңда қазір қыздар биі
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би: «Гүлдер» қыздардың орындауында
Тақпақтар
Айлин Үн қатамын бал тілмен Еркелеймін әр күн мен, Құттықтаймын анашым, Сегізінші наурызбен.
Б. Әлихан Апам мені айым дейді Мен мұңайсам уайым жейді. Апам мені күнім дейді Мен қуансам күлімдейді.
Әмір Менің анам ардақты Алтыннан да салмақты, Жақсы көріп баласын Мәпелейді анашым.
Асанәлі Құлпырған гүлдей Көктемгі күндей, Жылылық маған Төгесің үзбей.
Ұлдардың орындауында «Ай – хай қыздар - ай» әні.
Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі өлең жолдары сіздерге арналады құрметті әжелер.
Самира А. Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем, Тентек болсам кешірген, Балдай тәтті бал әжем.
Әділет Тірегі боп жанында Бірге еріп жүремін. Жанашырым жанымда Тек әжем деп білемін.
Айсұлтан Әже деген көп шығар Әжемдей менің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі.
Нұрсаят Аналарды сүйеміз Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз
Әнуар Немересін жанындай Әжем жақсы көреді Қонаққа барса ұмытпай Кәмпит әкеп береді.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, балалар, әжелерің сендерге тойдан ұмытпай кәмпит әкеп береді, өйткені әжелер өз немерелерін өте жақсы көреді. Балалар, бүгінгі мерекеге де әжелеріміз ұмытпай кәмпит беріп жіберіпті.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. Бізге әжелеріміз беріп жіберген кәмпиттерде сиқырлы тапсырмалар жасырылған екен. Орындаймыз ба, балалар?
- Мына ыдыста үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымызды үлестіреміз. Қане бастайық. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Өз анаңды тап»
Қыздар сыртында, аналар ішкі шеберге тұрады. Әуенмен шеңбер бойымен айналып қыздар бір жаққа, аналар қарама – қарсы жаққа жүреді. Әуен тоқтаған кезде балалар аналарын тез тауып алу керек, екінші рет аналар балаларын тез табуы керек. Ойын ұлдар мен ұлдардың аналарымен қайталанады.
2- кәмпиттегі тапсырма: «Ана туралы тақпақтар айтып беру»
Самира Ә. Ана біздің күніміз, Ана біздің гүліміз. Бізді ана қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз!
А. Ислам Әлпештеген, аялаған Ақ сүт берген апатайым, Сәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын.
Б. Әлихан Апам мені айым дейді Мен мұңайсам уайым жейді. Апам мені күнім дейді Мен қуансам күлімдейді.
4- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Кәмпит тасу» (аналары мен балалары)
5- кәмпиттегі тапсырма:
Би: «Гүлдер»
Әдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:
Нұртас Аялы алақан Әлпештеп өсірген, Аяулы жан анам Қатемді кешірген.
Мансұр Анаң болса қасыңда Басқа бақыт не керек, Аналардың жүрегі Мейірімді ғой керемет.
Тәрбиеші: 3- Кәмпиттегі тапсырма :
Келесі тапсырмада әжелеріміз бізден ертегі қойып берулеріңді сұрапты. Әжеміз бізге үнемі ертегі айтып береді емес пе? Біз де бүгін бір ертегіні көрсетіп әжелерімізді, аналарымызды қуантайық.
Ертегі:
«Анасына сыйлық іздеген қонжық»
Қатысушылар: ересектер: Гүлсім әже - жүргізуші Аю – ана – Әділеттің анасы Тиынның анасы – Айдананың анасы Торғайдың анасы – Нұраяттың анасы
Балалар: Қонжық - Әділет Тиын - Айдана Торғай - Нұраят
Сахна орман тәрізді безендірілген, ағаштар, аю мен қонжық тұратын үйшік Құстардың дауыстары. Сахнаның ортасына Гүлсім әже шығып, әңгімесін бастайды. Шымылдық ашылады. (сахнада қонжық пен анасы) Г.ә.: ормандағы алаңқайда қонжық пен анасы тұрыпты. Анасы қонжықты өте жақсы көріпті, оған бәрін үйретіпті. Бірақ қонжық әлі кішкентай және ақылсыз болыпты. Міне бір күні, 8 наурызда... Аю – ана: Қонжық, балам, тұра ғой, таң атты! Қонжық: Тұрғым келмейді, анашым, ұйықтай тұрайыншы. А – а: Тұршы, балам, күннің көзі шықты, достарың далада ойнап жүр. Қонжық: Жарайды. Қонжық орнынан тұра сала орманға өз достары Торғай мен Тиынға жүгіріп кетеді. Сахнаға Тиын мен Торғай шығады. Аю – ана кетеді. Торғай: Сәлеметсің бе, қонжық! Тиын: Сәлеметсің бе, досым! Қонжық: Сәлеметсіңдер ме, достарым! Торғай: Қонжық, сен анаңа сыйлық дайындадың ба? Қонжық: Қандай сыйлық, не үшін? Тиын: Бүгін 8 наурыз емес пе, ақымақ! Бүгін анамызға ең жақсы сыйлық жасауымыз керек! Торғай өз анасына дән сыйлайды, ал мен өз анама жаңғақ тауып алдым! Г. ә.: Қонжық өз анасына ең жақсы сыйлық дайындап үлгермегеніне ренжіп, жылап қояды. Торғай: жылама, қонжық, біз саған көмектесеміз! Біз қазір сенің анаңа сыйлық іздеуге барамыз! Г. ә . : Сөйтіп, достар қонжықтың анасына сыйлық іздеуге кетеді. Балалар қалың орманға кіреді. Торғай: қара, қонжық, міне дән жатыр! Алсай, ол өте дәмді және құнарлы! Анаңа сыйла! Бұл ең жақсы сыйлық болады! Қонжық: торғай, менің анам дәнді жақсы көрмейді ғой! Торғай: қалай жақсы көрмейді? Тиын: торғай, дән өте кішкентай, ол тек сен сияқты кішкентай құстарға жарайды. Г. ә . : балалар әрі қарай жүгіріп кетеді, кенет тағы бірдеңе тауып алады. Тиын: Қонжық, қарашы, қандай жаңғақ! Бұны сенің анаңа сыйлайықшы! Жаңғақ дегенің – ол нағыз керемет сыйлық! Қонжық: жоқ, тиын, жаңғақ та жарамайды... біз ешқашан жаңғақ жеген емеспіз! Торғай: әрине! Жаңғақты тек тиындар ғана жейді! Аюларға ол жарамайды! Қонжық: болды, сыйлық жоқ... Тиын: достарым, мен таптым! Біз торғай екеуіміз көрші тұрамыз, қазір аналарымыдан сұрап көреміз! Г. ә .: торғай, тиын және қонжық екі ағашта көрші тұратын торғайдың және тиынның аналарына кетеді. Сахнада екі ағаш пайда болады. Біреуінде үлкен ұя, онда торғайдың анасы, екіншісінде інде – тиынның анасы тұрады. Тиынның анасы: сәлеметсіңдер ме, балалар! Торғайдың анасы: қайда асықтыңдар? Торғай: біз қонжықтың анасына сыйлық іздеп жүрміз! Ол бүгін 8 наурыз екенін білмей, анасына сыйлық дайындауға үлгермепті! Тиын: біз орманды түгел аралап еш сыйлық таппадық! Торғай: Анашым, мен саған мына тамаша дәнді тауып әкелдім! Тиын: ал мен саған, анашым, жаңғақ тауып алдым! Г. ә .: қонжық тағы мұңайып жылай бастайды. Қонжық: Ал мен өз анама ештеңе таба алмай жүрмін! Кеш болса жақындап қалды, ал сыйлық әлі жоқ! Бүгін 8 наурыз емес пе! Г. ә .: Осы кезде Торғай мен Тиынның аналары бір-біріне күлімдей қарап... Торғайдың анасы: Жылама, Қонжық! Тиынның анасы: Жылама, ақымағым! Қонжық: Қалай жыламайын... Торғайдың анасы: бүгін мереке, 8 наурыз, барлық аналар үшін ең жақсы сыйлық – ол бақыт пен қуаныш! Барлық балалар өз аналарына тек осы екі сыйлықты сыйлауы керек! Қонжық: Сонда қалай? Тиынның анасы: Қонжық, үйіңе барып анаңды құшақтап, оны қалай қатты жақсы көретініңді айт! Және анаңды тыңдап, ешқашан ренжітпейтін бол! Ең жақсы сыйлық осы болады. Г. ә .: Тиын мен Торғай өз аналарын құшақтап, ал қонжық өз анасына бақыт сыйлауға жүгіріп кетеді. Сахнада қайтып Қонжық пен Анасының үйшігі пайда болады. Қонжықтың анасы: Қонжық, балам, келгенің жақсы болды, мен уайымдап отыр едім! Қайда болдың? Қонжық: анашым, мен саған 8 наурызға ең жақсы сыйлық іздедім! Бірақ сен үшін ең жақсы сыйлық біздің бақытты, қуанышты болғанымыз екенін түсіндім! Г. ә .: Қонжық анасын құшақтай алды. Ал анасы осы сәтте ең бақытты ана екенін сезінді! Ал сендер, балалар, аналарыңа ең жақсы сыйлық не екенін түсіндіңдер ме? (залдағылар: «Иә» ) Онда біздің ертегіміз де осымен тәмәм. Залдың қошеметімен шымылдық жабылады.
Тәрбиеші:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше,
Осымен мерекеміз аяқталды.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше,
Осымен мерекеміз аяқталды.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!