«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Перспективтік жоспар

19.11.2019

                                                                                                  2019  жыл,  қараша  айы

Өтпелі тақырып: «ДЕНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ»

Мақсаты: Балаларға денсаулық сақтау,  шынығу және дәрумендердің адам ағзасына пайдалы екенін түсіндіру. Таза жүру, жеке бас гигиенасын сақтау ережесін үйрету.

Міндеттері:

-шынықтыру-сауықтыру шаралары арқылы  балаларды  мықтылыққа, шымырлықа тәрбиелеу, дербес қимыл белсенділігін дамыту;

- дұрыс тамақтану жолдарын насихаттау арқылы  алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

- әңгімелеу, қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы  балалардың ертегі және шағын әңгімелердің мазмұнын түсінуіне ықпал жасау;

 

Тақырыпша

 

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

 

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, 

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

 

Әлеумет-0

 

Өзім туралы

1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1 . Допты 50-60 см арақашықтықта лақ-тыру (диаметрі 10-15 см)

Қимылды ойын: «Мен шыныққан баламын»

2. Баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру

Қимылды ойын: «Дәл түсір»

3. Бір қатар сапқа тұру,бастаушыға қарап түзелеу.

Қимылды ойын: «Бірге  қонаққа барайықшы»

 

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Самат не үрлей алады»

 Мақсаты: Балаларды жеңіл  заттармен  таныстыру. Сөздердегі дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету.

Тыныс алу дағдысын қалыптастыру

Дидактикалық ойын: «Бұл   не ?»

Сенсорика

Тақырыбы: «Мен сияқты жаса»

 Мақсаты: 3 түсті, көлемі әр түрлі текшелерден пирамида құрастыру. 

Үстел-үсті ойыны: «Пирамида»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Мен өзім туралы не білемін?»

Мақсаты: Балаларға адамның дене мүшелерін атауға үйрету  (басы, қолы, аяғы,  көзі, мұрны, аузы, құлағы және т.б. бар).

Ойын жаттығу: «Менен кейін қайтала!»

Сурет салу

Тақырыбы: «Түрлі-түсті моншақтар»

Мақсаты: Дөңгелек сызықтар жүргізу арқылы моншақ суретін салуға үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Моншақтарды тізбекте»

 

Жақындарына  тілектестік сезімдерін таныта алады.

 

Дұрыс тамақтану

Дәрумендер

2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. Допты алға домалату және оны қуып жету.

Қимылды ойын: «Дәрумендер  жолындағы кедергілер»

 

2. Құм салынған қапшықты (50 см арақашықтыққа) шеңберге лақтыру.

Қимылды ойын: «Дәрумендерді тап»

 

3. Бір сызықпен қос аяқпен секіру.

Қимылды ойын: «Допты қуып жет»

 

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жемістер жыры»  (өлең)  Рза Қунақова

Мақсаты: Өлеңді тыңдай білуге,  қайталап  айтуға    үйрету. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.

Ойын жаттығу: «Жемістерді ата»

Құрастыру

Тақырыбы: «Тостаған»

 Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету.Үш бөліктен тұратын тостағанның суретін қағаздан  кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыруға үйрету.   (қиылған бөліктер)

Дидактикалық ойын: «Атын ата»

 

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жемістер. Алма»

Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлерін атауға және алманың түсін, дәмін ажыратып айта білуге үйрету.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

 

Сурет  салу

Тақырыбы: Қызыл алма

Мақсаты: Тұйықталған дөңгелек сызықты және түзу сызық жүргізу арқылы парақ бетіне бейнені орналастыуға үйрету. 

Үстел -үсті ойыны: «Үлкен  - кіші»

Аппликация

Тақырыбы: «Жеміс сусыны»

Мақсаты: Жеміс түрлерімен таныстыру  (алм, алмұрт). Қағазға салынған банка ішіне дайын жеміс суреттерін орналастыруды үйрету.

Қимылды ойыны: «Алма мен алмұртты жинау» 

Ас ішкеннен кейін ризашылық сөздерін қолдануға үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіңе және  өзгелерге көмектес

3- апта

 

 

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. Сызықтардың, жіп-тердің ор-тасымен (арақашықтығы 20-30см) жүгіру.

Қимылды ойын: «Біз біргеміз»

2. Еденде ирелеңдепжатқан жіптің (сызықтың)үстімен жүру.

Қимылды ойын: «Поезд»

3. Шығыршықтың ішіне қос аяқпен секіру

Қимылды ойын: «Маған көмектес»

 

 

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдырып, ұйықтатамыз »

Мақсаты: Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету, киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. Сөйлеу тілдерін дамыту.

Еңбекқорлыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Дидактикалық ойын: «Киімнің сәйкесін тап»

 

   

Сенсорика

Тақырыбы: «Қорапшаларға орналастыр»

Мақсаты: 2 әр түрлі пішінді (тік төртбұрыш, үш бұрыш) және екі әр түрлі көлемді заттарды таңдауға  және топтастыруға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Пішіндерді жинастыр»

 

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бөлме өсімдігі фикус гүлі»

Мақсаты: Гүлдерге деген қамқорлық сезімдерін ояту.Дала гүлдерімен бөлме гүлдерінін айырмашылықтарын түсіндіру.Бөлме гүлдерінің бірі-фикус гүлімен таныстыру.

Дидактикалық ойын:  «Гүлді құрастыр»

 

 

Сурет салу

Тақырыбы: «Торғайларға жем шашамыз»

Мақсаты: Фломастер, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету.

Дидактикалық ойын: «Торғайды тамақтандыр»

 

 

 

 

Өз киімдерін шешуге дағдыландыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз күштіміз, ептіміз

4-апта

 

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. Кегельдер арасымен жүгіру.

Қимылды ойын: «Жалаушаға дейін жет»

 

2. Еденде жатқан арқан үстімен жүру.

Қимылды ойын: «Сызықты басып кетпе»

 

3. Доғаның  астымен еңбектеу.

Спорттық іс-шара: «Біз күштіміз, ептіміз»

 

 

 

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Кейіпкерлерді ата»

 

Құрастыру

Тақырыбы: «Үй және қақпа»

Мақсаты: Балаларды құрылыс блоктарымен үй  жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажыра алуға дағдыландыру.

Ойын жаттығу: «Түсін ата»

 

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғат құбылыстыры»

Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру. Жұмбақтар шешу арқылы ой-өрістерін дамыту.

Дидактикалық ойын: «Кім, не істеді?»

 

 

 

Сурет  салу

Тақырыбы: Шағылысқан күн сәулесі  (дөңгелек үлгісі)

Мақсаты: Қарындашпен түзу сызықтар арқылы күн сәулесін салу әдісін үйрету. 

Үстел-үсті ойыны: «Сәулелерді орналастыр»

 

 

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Доптар»

Мақсаты: Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағұлымат беру.

Дидактикалық ойын: «Күшті  доптар»

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың дербес ойындарында қимыл белсендідігін арттыру.

 

Просмотров: 791


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст