«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған педагогикалық, психологиялық ойындар

«Ине мен жіп»

      Жүргізуші:

   Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлерінің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.  

«Кім қалай дыбыстайды?»

    Ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойын.

«Төрт құбылыс»

        Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «Су»-десе қолдарын алдына созады, «Ауа»-десе жоғары көтереді, «От»-десе екі қолын айналдырады, «Жер»-дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.

«Көңілді шеңбер»

        Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (Гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерінді ашқанда не өзгереді?-деп сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

«Мен жеңімпазбын»

        Орындықтарды ортаға қойып музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан, бір санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айту керек.

«Құлақ-мұрын»

       Балалар шеңбермен тұрады.

      Жүргізуші: құлақ-деп қолынмен мұрынды ұстайды, ал мұрын-деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын-дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.

                                     «Балдырған» бөбекжай-бақшасының

       педагог-психологі: М.Ж. Утеулина

Жаңартылған күні: 18.10.2019 10:17
Құрылған күні: 18.10.2019 10:17

Текст