«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүлделі орындар иеленуінде»

07.04.2022

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу әдістері» атты мектепке дейінгі ұйым педагогтарының іс-тәжірибесінен шеберлік сыныптар байқауы өткізіліп, бөбекжайымыздың атынан  Нұрмағамбетова А.А. , Сейтахметова С.Т., Дабылова М.Т. және Ануарбекова Г.М. педагогтар қатысқан болатын. Шеберлік сыныбына қатысып, балалармен жұмыс істеуде сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін көрсете отырып, біздің педагогтар балалардың жас ерекшелігін  ескере  отырып,  ойындар, әдеттен тыс жұмысқа кірісу, музыкалық сүйемелдеу және т.б. сияқты қосымша ынталандыруларды қолданды.  Өз тәжірибесіне сүйене отырып, бақшамыздың педагогы  Нұрмағамбетова А.А. кіші жас тобының  балаларымен органикалық шыныда  сурет  сала  отырып,  байқауда 1 орынға ие  болып , облыстық  деңгейдегі  байқауға  қатысуға  жолдама  алды.  Сондай-ақ біздің бақшаның иемелденуінде  бұл сайыста  3-орын  ересек  топ педагогы   Сейтахметова С.Т  иеленді. Жеңістеріңіз құтты  болсын!  В.А.Сухомлинский айтқандай, «Балалардың қабілеті мен дарындылығының бастауы олардың қолында. Баланың қолында шеберлік көп болған сайын, бала соғұрлым зерек болады».

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст