«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық әдістемелер

Психологиялық әдістемелер.

«Адам суреті»

Мақсаты: Балада кеңістікте және бейнелі елестетуін қалыптастыру.

Өткізу барысы: Баланың алдына таза парақ беріп, оған адам суретін салуды ұсынасын.

Сурет орналасады.

Бағалау:

  • Баланың суретті 1-2 үлгіге ұқсас болса -2 балл
  • Баланың суретті 3-4 үлгіге ұқсас болса-1 балл
  • *Баланың суретті 5-6 үлгіге ұқсас болса-0 балл.

 

«Ұқсас суретті тап» ( көңіл бөлу)

Мақсаты: Ұқсастықтарды таба білу қабілетін анықтау, көз анализі арқылы заттардың айырмашылығын, сәйкестігін табу, бақылаудың даму деңгейі, тұрақты көңіл бөлу, мақсатты қабылдау.

Өткізу барысы: Баланың алдына суреттері бар парақтар қойылады: Бұл жерде әрбір қатарда 4 суреттен. Анықтап қара 1-ші суретке (жоғары қатардағы) және соған ұқсайтынын тап. Содан кейін орында.

Бағалау:

*Бала тапсырманың 5-6 жағдайын дұрыс орындайды-2 балл

*Бала тапсырманың 3-4 жағдайын дұрыс орындайды-1 балл

*Балаға тапсырманың 1-2 жағдайын ғана дұрыс орындайды немесе тапсырманы мүлдем орындамайды және түсінбейді-0 балл.

«Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне елестетуін қалыптастыру деңгейін анықтау.

Өткізу барысы: Баланың алдына кездейсоқ тізіммен 4 сурет жыл мезгілдері беріледі: Мұнда жыл мезгілдері бейнеленген. Әрбір суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленген? Көрсет және ата? Неліктен олай ойлайсың?

Бағалау:

*Бала тапсырманы түсінеді, сенімді бейнеленген жыл мезгілдерін атайды-2 балл

*Бала тапсырманы түсінеді, бірақ суреттерді мақсатсыз орналастырады-0 балл.

 

 

«Балдырған» бөбекжай-бақшасының

                                педагог-психологі: М.Ж. Утеулина

Жаңартылған күні: 05.11.2019 11:06
Құрылған күні: 05.11.2019 11:06

Текст