15.01.2026
Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық – баланың мектепке психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ететін маңызды үдеріс. Осы бағыттағы тиімді жұмыстардың бірі – «Мектепке саяхат» іс-шарасы.
«Мектепке саяхат» барысында балабақша тәрбиеленушілері мектеп ғимаратымен, сынып бөлмелерімен, кітапхана, спорт залымен танысады, мұғалімдермен және оқушылармен жүздеседі. Бұл іс-шара балалардың мектеп туралы жағымды көзқарасын қалыптастырып, қорқыныш пен уайымды азайтады.
Сонымен қатар, мектепке саяхат баланың жаңа ортаға бейімделуіне, оқуға қызығушылығының артуына, тәртіп пен жауапкершілік туралы алғашқы түсініктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Нәтижесінде балабақша мен мектеп арасындағы өзара байланыс нығайып, баланың мектепке қадам басуы жеңіл әрі сенімді болады.