«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психолог парақшасы

Тест «Адам суреті»

    «Адам суреті» әдістемесі баланың жеке ерекшеліктері жөнінде ақпарат алудың ең оңай рәсімі болып саналады. Адам денесін немесе мүшелерін бөлек салу сипатының негізінде баланың жеке дамуының жалпы беталысын байқауға болады.  Айтып өту керек, бұл әдістеме баланың психологиялық келбетін толығымен бейнелеп бере алмайды, оның нәтижелері басқа әдістемелердің нәтижелерімен толықтырылуы және нақтылануы мүмкін.

Нұсқау: «адам суретін сал». Бала суретті қарапайым қара қаламмен салады. Бала суретті салып болғаннан кейін, одан салынған «адам» жөнінде сұраған жөн. Біздің көңілімізді алған мәселе жөнінде сұрақ қоюға болады (тек баламен сезімдік жақын қатынас болған жағдайда)  олар тура болмай («ол кіммен дос?» «оның достары көп пе?» «ол төбелеседі ме?» және т.б. жанама болуы тиіс («сен қалай ойлайсың,...?» « саған қалай көрінеді,...?») мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігіне қарай, сұрақтарды балама түрде қойылуы дұрыс: «сенің ойыңша, ол біреумен доспа жоқ па?» немесе «саған қалай көрінеді, ол төбелескенді ұнатады ма жоқ па?» және т.б.

Айта кету керек әдістеменің жобалық мүмкіншіліктері балалардың жасымен шектеулі (5 жасқа дейінгі балаларға арналаған жобалық әдістеме ретінде қолданылады).

Нәтижесі:

     Егер бала адам қолын ең соңына бейнелесе, онда ол әлеуметтік қатынастардан қорқады деп топшалауға болады.

Қолдары екі жаққа кең қойылғаны әлеуметтік қатынастың кең өрісін қажеттігін көрсетеді.

Төмен түскен қолдар, керсінше-қатынасының тар екендігін көрсетеді бұл ерекшелік баланың әлеуметтік қатынасының сезімдік тереңдігін сипаттамайды.

Екі жаққа кең қойылған қолдар мен қол басының үлкейтілгені бейнелесе, баланың қатынасымен қанағатсыздығын, айналасындағылармен қарым-қатынасының нашарлығын көрсетеді.

Қолы төмен түскен және қол басының жақсы бейнеленген адам суреті, баланың қатынасты таңдайтынын көрсетеді.

 

Жаңартылған күні: 16.04.2019 09:26
Құрылған күні: 22.08.2023 15:22

Текст