Текст
Сән береді бөлмеге,
Қысы, жазы көгере.
– Дұрыс айтасыңдар, бөлме гүлі ( балалардың назарын гүлдердің суретіне аудару). Балалар, мына гүлдердің суретіне қараңдаршы, біреуі – әдемі, жапырағы жайқалып өсіп тұр, ал екінші гүл – бүгіліп, гүлі мен жапырағы төмен салбырап, күтусіз қалған. Сендер де осы бірінші гүл сияқты түзу, әдемі болып өсу үшін денелерің шыныққан, тәртіпті, ақылды болуларың керек. Сендер де осы гүл сияқты өсесіңдер, жалқау болмай, тәртіпті болсаңдар, әдемі де ақылды боласыңдар.
Біз бәріміз бірдей гүлді қалай күтіп-баптау керектігін біле бермейміз. Бүгінгі сабағымызда қалай күтіп-баптауды, құтыға гүлді қалай отырғызуды үйренеміз.