Астанаға саяхат
Білімдік саласы: Әлеуметтік орта
Тарауы: Айналамен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстанның астанасы.
Сабақтың мақсаты: Балалардың еліміздің бас қаласы Астана туралы түсініктерін кеңейту.Отанын
сүюге, қадірлеуге,мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Тіл мәдениетін жетілдіру, білімдерін
өлеңдермен, әндермен байыту.
Көрнекілік: Астананың
суреттері, слайд көрсету.
Алдын ала жұмыс: Астана жайында, өлең тақпақтар жаттау.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Аспан шайдай ашылды,
Жерге сәуле шашылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сұрақ-жауап:
-
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-
Қазақстан мемлекетінде тұрамыз
-
Еліміздің астанасы қалай аталады?
-
Астана.
-
Ендеше балалар, біз Астана қаласына саяхатқа барамыз.
-
Астанаға бару үшін көлік түрін таңдау керекпіз.
-
Мен жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар сол көлікпен барамыз.
Күндіз-түні күрсінеді
Жүрген жері сілкінеді.
-
Дұрыс, шешуі пойыз.
(Пойыз сияқты қатарлап қойылған орындықтарға отырады.)
-
Балалар Астанаға тез жету үшін өлең айтайық.
Туған жер
Жайлау гүлге толатын
Атам, әжем тұратын
Мен ауылды,мен ауылды сүйемін
А-а-ай мен ауылды, мен ауылды сүйемін.
Көше гүлге толатын,
Әкем, анам тұратын
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін.
А-а-ай мен қаланы, мен қаланы сүйемін.
Міне Астана қаласына да келіп жеттік.Балалар, бұл Астана теміржол
бекеті.Енді саяхатымызды бастайық.Бұл әсем қалада жақында ғана бой көтерген
сұлу ғимараттар, кең көшелер бар.
(Слайд көрсету)
Мынау ғимарат «Ақорда» - деп
аталады. Онда Қазақстан Республикасы-
ның Президенті, министр ағалар жұмыс істейді.Астана қаласына
«Әсем қала» деген атақ берілген.
Мынау ғимарат бейбітшілік және келісім сарайы
«Пирамида» - деп аталады. Бұнда мерекелік шаралар, түрлі қойылымдар болады.
Қаланың ерекше де, көрнекті орындарының бірі –
«Бәйтерек»
Көк тіреген «Ханшатыр» - онда бір шатырдың
астында гипермаркет,
супермаркет,фитнес орталығы тізе берсек адамға
қажеттің бәрі табылатын ғаламат ғимарат.
Мынау «Думан» ойын- сауық орталығы.Бұнда балықтардың мыңдаған түрлерін
көруге болады.
Сергіту сәті:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық,
Сол жақтағы балаға,
Оң жақтағы балаға,
Шапалақта, шапалақ.
Қорытынды:
Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі, жеріміздің кіндігі,
еліміздің түндігі, халқымыздың бірлігі – Астана
Астана – Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті.
Дүниежүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас қала – Астана.
(Пойызға отырып топқа оралу,ән айту)
Ән: «Астана» Т.Молдағалиев
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Төкті оған нұрын дала
Астана сұлу қала
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да
Жүректе сақтап атын
Жүретін салтанатым
Астана биігіміз
Биіктер күнге жақын
Әкем, шешем
және мен!
(эстафеталық жарыс)
Мақсаты:отбасы мен балабақша арасындағы қарым
қатынасты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту, қимылды ойындарға деген
қызығушылығын арттыру, шапшандылыққа, ептілікке үйрету.
Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру.
Қажетті құралдар: қанатты сөздер: «шынықсаң
шымыр боласын»,
«Денсаулық зор байлық».
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата аналар! Сіздерді
«Әкем, шешем және мен!» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз.
Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға береке тілейміз. Эстафеталық жарысты
бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық. Әділ қазылар алқасының
төрайымы
Тәрбиеші:Құрметті қонақтар енді ортаға жарысқа түсетін екі топты шақырамыз: «Сұңқар» тобы, «Тұлпар» тобы
Тәрбиеші: Енді жарыстың шарттарымен танысып кетейік.
1.
Аэробика.
2.
Эстафеталық
жарыстар.
3.
Ойындар.
4.
Музыкалық
нөмірлер.
1.
Б.қ аяқтары
бірге, қолдары белде, кеудені түзу ұстау, басты алға, артқа, оңға, солға
еңкейту 5-6 рет.
2.
Б.қ аяқ алшақ
ашық, қолдары төменде, қолдарын алға, жоғары, оңға, солға көтеріп, түсіру 5-6
рет.
3.
Б.қ тік түру,
иықты жоғары, төмен қозғалтып түсіру 5-6 рет.
4.
Б.қ аятары
алшақ, қолдары жоғары көтеріп, оңға және солға иілу 5-6 рет.
5.
Б.қ жерге
отырып, аяқтын басын қозғалту, айналдыру 5-6 рет.
6.
Б.қ жерге
арқамен жатып, велосипед тебу.
7.
Б.қ тік түру,
қос аяқтап секіру.
8.
Б.қ түзу тұрып,
аяқтын ұшымен көтеріліп, қолды жоғары созып, мұрынмен демалып, алға жай
енкейіп, ауызбен демді шығару 5-6 рет.
2. Эстафеталық ойындар:
а) «Тез жеткіз» құрсаудан құрсауға қос аяқтап
секіру, допты аяғына қысып алып себетке салу.
б) «Зейіңді бол» кеглидің арасынан еңбектеп
өту, доғаның арасынан өту, таяқшадан секіру.
в) «Дәл таста» тақтайдың үстінен өтіп, алманы
себетке салу.
Ойындар: «Доп жина», «Кім бірінші»
Мақсаты: Балаларды жылдамдылыққа, ептілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Ән: «Біз бақытты баламыз».
Көңілді би.
Сайысқа түскен команданы әділ қазылар алқасы
бағалап, марапаттайды.
Ән: «Біздің балабақшада