Текст
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.