Білім беру саласы:
Әлеуметтік орта
Тараулары: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін
аңғара білуге үйрету.
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорын дамыту.
Дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану арқылы саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік:
Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:
Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету, эксперимент,ой-толғау, тірек сурет,
ойын, жапсыру, құрастыру, пиктограмма.
Оқу қызметінің түрі: Кіріктірілген.
Сөздік жұмыс: Жапалақтап,
үлпілдек.
Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне
байланысты слайд, қыс көрінісіні, шырша, қар, мұз, жұмбақтар.
Құрал – жабдықтар:желім,
мақта, сүлгі, үлгі сурет, аққаланың пішіндері, үлгі сурет, пішіндер,
фланелеграф.
Пәнаралық байланыс:
Шығармашылық. Таным. Коммуникация.
Қолданылатын технология:
Монтессори, модульдік, дамыта оқыту, ақпараттық.
Таңғажайып сәт: Аққаланың
келуі.
Ұқыптылыққа
тәрбиелеу
Пилингвалдық:
Қыс-зима-уйнтә, аққала-снеговик-сноумән
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. |
Педагогтің іс-әрекеті. |
Балалардың
іс-әрекеті. |
Мотивациялық-қозғау- шылық |
- Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық. (Балалар келген қонақтармен амандасады) Шаттық шеңбері. Үлкенге де сіз Кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге Бас иеміз біз.
|
|
Ұйымдастырушы-лық- ізденістік |
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер шешімін тауып көріңдерші? Ой – толғаныс әдісі. Жұмбақ Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан тұратын, Тауып көрші сен оны? - Аққала. Таңғажайып сәт. Аққала келеді. - Балалар, бізге қонаққа аққала келді. (әуенмен) - Аққаламен амандасайық. Балалар аққаламен амандасады. - Балалар, аққаланы неден жасаймыз? - Қардан жасаймыз. - Аққаланың түсі қандай? - Аққаланың түсі ақ. - Аққала қандай пішінге ұқсайды? - Дөңгелекке ұқсайды. - Аққала бізге бос келмепті, өзімен бірге қар алып келіпті. - Енді балалар алақандарыңды ашыңдаршы. - Жылы алақанымызға салғанданеге айналатынын көрейік. Эксперимент жасайық. Пиктограмма әдісі. Балалар қарды алақандарына салады. Зерттеу жұмыстары жүргізіледі. - Қар неге айналып кетті? - Суға айналды. - Енді осы суды суыққа шығарсақ мұзға айналады екен. Мұзды көрсету. - Балалар, мұз қандай екен? - Суық, жылтыр, қатты.
ІІІ. Жаңа тақырып: 1. Кіріспе: - Балалар, біз бүгін сендермен қыс қызығы туралы әңгімелесеміз. - «Қыс қызықтарын» слайд арқылы тамашалайық. Тірек сурет әдісі. Слайдты көрсете отырып сұрақтар қою. - Балалар, жылдың қай мезгілі екен? - Қыс. - Қыс екенін қайдан білдіңдер? (жекелеме баланың жауабы) - Қыста қар жауады. Күн суық болады. (Боранның дауысы естіледі) - Қыста қандай ойын ойнайсыңдар? Шанамен сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз |
|
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Сергіту сәті: Қар жауады оң жақтан Қар жауады сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су болады қолғаптар. 2. Негізгі бөлім: Топтық жұмыс. - Балалар, біз енді екі топқа бөлінейік. І топ «Ұлпа қар» тобы – мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсырады. Мақсаты: Қағаз бетіне мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсыра білуге үйрету. ІІ топ «Аққала» тобы – аққаланы құрастыру. Мақсаты: берілген қағазға дайын пішіндерден аққаланы құрастыра білуге үйрету. - Балалар,аққала сендермен ойын ойнағысы келіп тұр екен.Аққаламен ойын ойнайық па? - Иа. Аққала: - Балалар, сендермен қар лақтырысып ойнайық? Қимылды ойын «Қар лақтыру». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір – бірлеріне қар лақтырады. Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа дағдыландыру. Оқу қызметін қорытындылау: - Балалар, қыс несімен қызықты? - Қыста қар жауады. Біз қармен ойнаймыз. Сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз. Балалардың білімін бағалау: - Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер. Аққаланың сендерге әкелген тәттілері бар екен. (Аққала балаларға мадақтау қағазын таратады)
|
|
Балаларды мақтап мадақтау:
Балаларды жекелеме мақтап,
мадақтаймын.
Үйге тапсырма беру:
- Балалар, үйде аққаланың суретін саламыз аналарымызбен.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыс мезгілінің
ерекшеліктерін (қар жауады, боран соғады, аяз болады), қысқы ойын түрлерін.
Болу керек: Қыс мезгілінің
ерекшеліктері туралы түсініктері.
Істей білу керек: Қойылған
сұраққа толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуі керек.