«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

06.03.2018

№1«Күн мен Жаңбыр»

Ойынның

мақсаты:Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға

баулу (көңілді, ойнақы, сабырлы, мұңды)

Ойынның

шарты:Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген

карточкалар таратылады.Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап, әуен сипатына сәйкес

суретті көрсетеді.

 

№2«Үш гүл-үш түрлі көңіл күй»

Ойынның

мақсаты:Көңілді, сабырлы және мұңды музыкалық

шығармаларды ажырата білуге үйрету. Есту қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа

баулу.

Ойынның

шарты:Әр балағаүш гүлдің суреті бейнеленген

карточкалар беріледі.Гүлдерде күлімсіреген, жылап тұрған және сабырлы адамның

кейпі бейнеленген.Балалар шығарманы тыңдап, көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы

көрсетеді.

 

№3 «Әуеннің дауысын ажырат»

Ойынның

мақсаты:Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге

үйрету.Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.

Ойынның

шарты:Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау

суреттері беріледі.Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл

қоңыраумен, орташа дыбысты сары қоңыраумен, жіңішке дыбысты қызыл қоңыраумен

көрсетіп, карточкалардан табу.

 

№4 «Төмен және жоғары дыбыстар»

Ойынның

мақсаты:Балаларды шығарманы тыңдай отырып, динамикалық

бояуларын, дауыс күштілігін ажырата білуге баулу.

Ойынның

шарты:Түстері бірдей, әртүрлі көлемдегі сары

қоңыраулар суреті салынған карточкалар үлестіріледі.Шығарманы тыңдап, төменгі

дыбысқа үлкен қоңырау, орташа дыбысқа орташа қоңырау, жіңішке дауыстағы әуенге

кіші қоңырау бейнеленген сәйкес карточканы көрсетеді.

 

№5 «Теңіз» ойыны

Ойынның

мақсаты:Музыканың ауыспалы сипатын естіп,сезіну

қабілеттерін дамыту. Әуенді мұқият тыңдап, табиғат құбылыстарымен баныстыра

сезініп, елестете білуге үйрету.

Ойынның

шарты: Балалар үнтаспадан Н.Римский-Корсаковтың

«Теңіз» шығармасын тыңдайды. Теңіздің үш түрлі қалыптағы күйі бейнеленген

карточкалар беріледі. Шығарма тыңдалып, жетекші теңіздің әртүрлі күйдегі

суреттермен таныстырады.( «тыныш жатқан» теңіз, «толқынды» теңіз, «буырқанған»

теңіз). Шығарма екінші рет тыңдалып, әуеннің көңіл күйі карточкалар арқылы

көрсетеді.

 

 

 

№6 «Бұл қай кезде болады?»

Ойынның

мақсаты: Жыл мезгілдері туралы ән, әуендерді  тыңдап, ерекшеліктерін сипаттай білуге баулу.

Тыңдалған шығармадан алған өз әсерлерін әңгімелей білуге дағдыландыру.

Ойынның

шарты: 

Балаларға жылдың төрт мезгілі бейнелеген суретті карточкалар таратылады.

Шығармаларды тыңдап, мазмұнына, мәтініне сәйкес суретті карточканы көрсете

білу.

 

№7 «Әуенді сағат»

Ойынның

мақсаты: Үйренген ән,әуендерді есте сақтап, бекіту

үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе

үзіндісінен табуға машықтандырады.

Ойынның

шарты:Әртүрлі шығармалардағы кейіпкерлер суреті

салынған сағат бейнеленген  сурет

көрсетіледі. Жетекші таныс ән немесе әуендерді ойнап, балалар «Әуенді сағаттан»

сол әннің мазмұнына сай суретті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.

 

№8«Үш би»

Ойынның

мақсаты:Балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би,

вальс) ажырата білуге, би түрлерін еске сақтауға, әуенді естіп қабылдауға  баулиды.

Ойынның

шарты:Полька, вальс, ұлттық би турлерінің суреті

салынған карточкалармен таныстыру. Музыка жетекшісі аспапта  үш түрлі пьеса ойнап, балалар әуенге сай

бейнеленген суретті дәл көрсетулері тиіс.

 

№9 «Қанша дыбыс?»

Ойынның

мақсаты:Белгілі бір аспапта ойналған әуендегі

дыбыстардың санын немесе қайтадан дыбысталуын ажырата білуге үйрету.

Ойынның

шарты:Жеміс бұтағында ілінген шиелер салынған үш

түрлі карточкалар ұсылынады. Музыканы тыңдап, әуендегі дыбыс санын естіп,

сәйкес келетін шие саны бар карточкаларды көрсету.

 

 

№10 «Көңілді күлдіргіштер»

Ойынның

мақсаты: Әуендегі дыбыс ұзақтығын естіп, ажырату үшін

қолданылады. Қысқа және ұзақ дыбыстардың санын анықтап көрсете білуге үйретеді.

Ойынның

шарты:Көңілді күлдіргіштер және әртүрлі көлемдегі

шарлар суреті бейнеленген карточкалармен таныстырады. Таныс шығарма ойналып,

балалар әуенді тыңдап, шапалақпен қысқа және ұзын дыбыстарды көрсетеді.

Күлдіргіштердің қолында жіптер бар. Үлкен шарлардың жібін ұзын дыбысқа,

кішкентай шарлардың жібін қысқа дыбыстарға лайықтап, жіптерді жалғайды.

 

 

 

 

 

 

№11 «Айналмалы дөңгелек»

Ойынның

мақсаты:Шығарманы тыңдау арқылы балаларға музыка

жанрларын ажырата білуге үйрету.

Ойынның

шарты:Дөңгелек бетіне барабан, ай, доп суреттері

салынған карточка ұсынылады. Балалар әуенді тыңдап, дөңгелекті айналдыру арқылы

вальс ойналғанда көбелекті, марш әуеніне барабанды, бесік жыры орындалғанда

айдың, полька биінде доптың суреттерін көрсетеді.

 

 

№12«Ғажайып үйшік»

Ойынның

мақсаты:Баспалдақтың 

жоғары шығу және төмен түсу арқылы әуеннің бағытын дауыспен айтуға

үйрету. Жануарлардың суретін қолдана отырып, балаларды олардың жүрісін,

қимылын, дыбыстауын көрсете білуге, шығармашылыққа баулу.

Ойынның

шарты:Балаларға үйшіктің және қоян, балапан, бақа,

т.б. суреттері ұсынылады. Музыка жетекшісі «Жоғары шығамыз» деп әндетеді.

Балалар әуенді қайталап, өздері қалаған суретін басқышпен жоғарыға  жүргізеді. Үйшікке жақындап, «Қандай ғажап

үйшік» деп әндетеді. Келесі кезекте терезеден сурет көрсетіліп, балалар әуенді

тыңдап, сәйкес келетін аңдардың жануарлардың балапанның, бақаның, т.б.

суреттерін басқыштармен жүргізіп, үйшікке кіргізеді. Балалар терезеден көрінген

суретке қарап, олардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.

 

 

№13 «Сиқырлы ағаш»

Ойынның

мақсаты:Нота сызығы мен ноталар туралы түсінік беру.

Әуеннің дыбыс биіктігін ажыратып, естіген әуенді нота сызықтарына орналастыруға

үйрету.

Ойынның

шарты:Балалардың әрқайсысына алма ағашының суреті

және қиып алынған жеті алма үлестіріледі. Орындалған  шығарманы тыңдап, сиқырлы ағаш бұтақтарына

алмаларды дыбыс биіктігіне сәйкес орналастырады. Ағашта бейнеленген бұтақтар

нота сызықтары, ал алмалар нота ретінде қолданылады.

 

№14«Анасын тап»

Ойынның

мақсаты:Әнді немесе әуенді тыңдап, жануарлар мен

төлдерінің жүрісін,қимыл-қозғалысысын көрсете білуге, олардың дауыс ырғақтарын

ажыратып,есте сақтауға үйрету.

Ойынның

шарты:Жануарлардың және олардың төлдерінің суреттері

бейнеленген карточкалар беріледі.Музыка жетекшісі шығарманы ойнап, балалар

әуенге  сәйкес суреттегі жануардың төлін

тауып, енесінің жанына қояды.Олардың жүрісін, қимылын көрсетіп, дауысын салады.

 

 

 

 

 

№15 «Аспаптардың дауысын ажырат»

Ойынның

мақсаты: Балаларды 

музыкалық аспаптардың тембрін ажыратуға баулу, есту қабілеттерін дамыту,

қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның

шарты:Карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай,

домбыра, жетіген, қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген.Үнтаспада

аспаптардың орындауында пьесадан үзінді орындалып, балалар аспаптың үнінде

сәйкес суретін көрсетеді. Ишара арқылы аспапта ойнап көрсетеді.

 

№16 «Қай аспапта ойнаймын?»

Ойынның

мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті, ұрмалы,

үрлемелі) өзіндік тембрік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету.

Аспаптарда ойнауға машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның

шарты:Балаларға аспаптардың (домбыра,қобыз,сазсырнай,

асатаяқ, дауылпаз, т.б.)  суреттері  бейнеленген карточкалар ұсынылады. Музыка

жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды. Балалар мұқият тыңдап,

аспаптың дауысын ажыратып, лайықты суретті көрсетеді.

 

 

№17 «Музыкалық аспаптар дүкені»

Ойынның

мақсаты:Балаларға арналған музыкалық аспаптардың

(металлофон, маракас, бубен, үшбұрыш, қоңырау, т.б.) дауыс тембрін ажыратуға

үйрету. Аспаптарда өз еріктерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.

Ойынның

шарты:Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар

болып отырады. Музыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын

ажыратып, суретті карточкадан көрсетеді. Әуен ойналып, балалар ишара арқылы

аспапта ойнап көрсетеді. Келесі  ойында

балалар жетекшілік етіп, ойында аспаптарда қолдануға болады.

 

 

 

№18 «Ноталарды үйренейік» (сольфеджио ойыны)

Ойынның

мақсаты:Әуенді тыңдап, ноталарды дұрыс орналастыруға

үйрету.

Ойынның

шарты:Музыка жетекшісі халық әні «Еркем-ай-ды» өзі

орындап  береді, екінші рет ноталардың

атын атап, орналастырып отырып айтып көрсетеді. Балалар әнді қайталап

орындайды,ноталардың атын атап, нота сызықтарына орналастыруға үйренеді.

Балаларға нотаны үйрету жеңіл әндерін бастап, бірте-бірте күрделендіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

№19 «Музыка бояулары»

Ойынның

мақсаты:Музыка сипатын ажырату, Ән, Би, Вальс, Марш жанрларын

ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне қарай жанрларды

ажырату. Мысалы:қызыл, жасыл, сары, көк және осынша желпуішті әр балаға  дайындау.

Ойынның

шарты:Жасыл түс-ән айту; Қызыл түс-көңілді билеу;

Сары түс-вальс ырғағы; Көк түс-марш ырғағы екенін түсіндіру.Музыкалық шығарма

тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай білуге үйретеді.

Балалар түрлі жанрдағы музыкаларды тыңдап, желпуіштерді көтеруге үйренеді.

 

№20 «Көңілді алақан»

Ойынның

мақсаты:Түрлі сипаттағы музыкаға ден қойып оны тыңдау,

ынтасын тәрбиелеу.

Ойынның

шарты: Картоннан қиылған көңілді, көңілсіз саусақтар

суреттері таратылады.

 

№21 «Жұмбақ жасырып, күз сыйлығын сатып ал»

Ойынның

мақсаты:Шығарманы тыңдау арқылы балаларға музыка жанрларын

ажырата білуге үйрету.

Ойынның

шарты: Балалар 

музыка тоқтағанда жемістер мен көкөністер туралы жұмбақ жасырады.

 

№22 «Музыкалық сандықша»

Ойынның мақсаты:Ғажайып

сандықшаның ішін ашып, берілген тапсырмаларды орындау. Ән айту, би билеу,

түрлі    өтілген материалдар бойынша

сұрақ дайындап, жауабын айтқызу. Балалардың ой – өрісін кеңейту.

Ойынның шарты: Балалар

музыкалық сандықшанының ішінен  музыкалық

аспаптарды алып үйренген әндерін сүйемелдейді.

 

№23  «Әнді 2 – 3

дыбыстан таны»

Ойынның мақсаты:Үйренген

әндерін  2 – 3 дыбыстан танып айтып беру.

Есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Ойнының шартын түсіндіріп ойнату, әуенді

мұқият тыңдау, ойын тәртібін  дұрыс

түсінуге тәрбиелеу.

Ойынның шарты:

Балалар үйренген әндерін  2 – 3 дыбыстан танып айтып береді. Есте сақтау қабілеттерін

тексеріп  әннің қысқа қайырмаларын айтып

берулері сұралады.

 

№24 «Ырғақты лото». «Сөз ұйқасын тап, өлең құрастыр»

Ойынның мақсаты: Балалардың тіл өнерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Ойынның шарты:

Балалар текшедегі суретке  қарап сөз

құрастырып, әуенін ойлап табады.

 

№25 «Құстар мен балапандар»

Ойынның мақсаты:Техникалық

құралдардың көмегімен аспаптардың дыбысын ажырату. Жуан, жіңішке дыбыстарды

айыра білу.

Ойынның шарты: Балалар

медиоханадан түрлі аспаптардың дауысын тыңдап, 

жуан дыбысты құстың ал  жіңішке

дыбыстарды  балапанның дауысына теңеп

айырады.

 

№26 Музыкалық аспапта ойнау: «Сауысқан» Е.Құсайынов

Ойынның мақсаты:Музыкалық

аспаптармен әннің ырғағын бірге бастап, бірге аяқтау керек. Есту қабілеттерін

арттыру.

Ойынның шарты: Балалар

әнді музыкалық аспаптардың көмегімен 

сүйемелдейді. Әннің ырғағын бірге ойнауға тырысады. Ырғақты дәл ұруға

үйренеді.

 

№27 «Көңілді қуыршақтар»

Ойынның мақсаты:Әр

халықтың музыкасына байланысты қазақ, орыс, өзбек  халық киімдерін қуыршақтарға тез кигізу. Балалардың  есте сақтау, есту қабілеттерін арттыру.

Ойынның шарты: Балалар

әр халықтың музыкасын естігенде текшедегі дайын қуыршақтардың  үстіне 

халық киімдерін тез кигізеді.

 

№28 «Мен кішкентай әншімін»

Ойынның мақсаты: Ойынның шартын түсіндіріп ойнату, әуенді мұқият

тыңдау, ойын тәртібін  дұрыс түсінуге тәрбиелеу

Ойынның шарты: Ортаға ән

айтқысы келетін баланы шақырып, өзі білетін әнді сүйемелдеп орындату. Қолына

микофон беріп ән айтқызу. Кезек -кезек айту барысында қалған балалар қолпаштап

отырады.

 

 №29 «Қасқыр мен

қояндар» қойылымы

Ойынның мақсаты: Текше

арқылы жігерлі, көңілді, сабырлы сипаттарды ажырату ойынын ұсынады.

Ойынның шарты: Балалар   жігерлі, көңілді, сабырлы музыкаларды тыңдап   текшелерді көрсетеді.

 

№30 «Қоңыраулардың дыбысын ажырат»

Ойынның мақсаты: Балаларға

берілген текше арқылы қоңыраулардың түрін, дыбысын ажыратуды түсіндіру, тыңдату

Ойынның шарты:Балаларға

текшелер таратылады.Жуан, орташа, жіңішке дыбыстарды тыңдап  қолдарындығы(үлкен, орташа, кішкентай)

қоңырауларды  көтеріп көрсетеді.

 

 

№31 «Қандай дауыс»

Ойынның мақсаты: Текшеде

мысық пен марғаудың суреті болады. Мысық пен марғауды тыңдап жіңішке-жуан

дыбыстарын тауып ажырата білулері керек.

Ойынның шарты:Балаларға

текшелер таратылады.Жуан,  жіңішке

дыбыстарды тыңдап 

қолдарындығы(үлкен,  кішкентай)

текшелерді  көтеріп көрсетеді.

 

№32 «Ноталарды үйренейік.Сольфеджио»

Ойынның мақсаты: Балаларға

нота туралы мәлімет бере отырып, нотаның орналасуына байланысты нота дыбысын

табуға дағдыландыру.

Ойынның

шарты: Балалар ноталардың белгілерін қолдарымен

көрсетіп қайталап ноталардың атын атап, нота сызықтарына орналастырады.

 

№33  «Қай аспапта

ойнаймын?»

Ойынның мақсаты: Ұлттық

ішекті және үрмелі аспаптарды қолдану. Даусын тыңдап, ажыратуын, үлестірмелі

текшелерден тауып көрсетуді сұрайды.

Ойынның шарты: Ұнаған

аспаптарын таңдап алып, оркестр құруды ұсынады. «Сәулем-ай» халық әнін

оркестрде ойнауды ұсынады.

           

№34 Музыкалық –

дидактикалық ойын: Жұмбақ

           

Ойынның мақсаты: Балалардың

ойлау қабілеттерін 

дамыту,шапшаңдықтарын  арттыру.

Суретке қарап ноталардың аттарын естеріне түсіріп жұмбақты шешуге  талпындыру.

           

Ойынның шарты:Балалар 

суретке қарап  жұмбақты  шешуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 4484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст