Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Тараулары: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:
1.
Білімділік: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін
аңғара білуге үйрету.
2.
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорын дамыту.
Дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану арқылы саусақ моторикасын дамыту.
3.
Тәрбиелік:
Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:
Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету, эксперимент,ой-толғау, тірек сурет,
ойын, жапсыру, құрастыру, пиктограмма.
Оқу қызметінің түрі: Кіріктірілген.
Сөздік жұмыс: Жапалақтап,
үлпілдек.
Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне
байланысты слайд, қыс көрінісіні, шырша, қар, мұз, жұмбақтар.
Құрал – жабдықтар:
Тіс пастасы, желім, мақта, сүлгі, үлгі сурет, аққаланың пішіндері, үлгі сурет,
пішіндер, фланелеграф.
Пәнаралық байланыс:
Шығармашылық. Таным. Коммуникация.
Қолданылатын технология:
Монтессори, модульдік, дамыта оқыту, ақпараттық.
Таңғажайып сәт: Аққаланың
келуі.
Пилингвалдық:
Қыс-зима-уйнтә, аққала-снеговик-сноумән
Танымды оятушылық:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізге көптеген
қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық. (Балалар келген қонақтармен
амандасады)
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер
шешімін тауып көріңдерші?
Ой – толғаныс әдісі.
Жұмбақ
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан тұратын,
Тауып көрші сен оны?
- Аққала.
-
Таңғажайып сәт. Аққала
келеді.
- Балалар, бізге қонаққа аққала келді. (әуенмен)
- Аққаламен амандасайық.
Балалар аққаламен амандасады.
- Балалар, аққаланы неден жасаймыз?
- Қардан жасаймыз.
- Аққаланың түсі қандай?
- Аққаланың түсі ақ.
- Аққала қандай пішінге ұқсайды?
- Дөңгелекке ұқсайды.
- Аққала бізге бос келмепті, өзімен бірге қар алып келіпті.
- Енді балалар алақандарыңды ашыңдаршы.
- Жылы алақанымызға салғанда неге айналатынын көрейік.
Эксперимент
жасайық.
ІІІ. Жаңа тақырып:
1. Кіріспе:
- Балалар, біз бүгін сендермен қыс қызығы туралы
әңгімелесеміз.
- «Қыс қызықтарын» слайд арқылы тамашалайық.
Тірек сурет әдісі.
Слайдты көрсете отырып сұрақтар
қою.
- Балалар, жылдың қай мезгілі екен?
- Қыс.
- Қыс екенін қайдан білдіңдер? (жекелеме баланың жауабы)
- Қыста қар жауады. Күн суық болады.
(Боранның дауысы естіледі)
- Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
- Шанамен сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз.
Сергіту сәті:
Қар жауады оң жақтан
Қар жауады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
2. Негізгі
бөлім:
Топтық
жұмыс.
- Балалар, біз енді үш топқа бөлінейік.
І топ «Ұлпа қар» тобы – мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсырады.
Мақсаты: Қағаз бетіне
мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсыра білуге үйрету.
ІІ топ «Аққала» тобы – аққаланы құрастыру.
Мақсаты: берілген матаға
дайын пішіндерден аққаланы құрастыра білуге үйрету.
ІІІ
топ «Шырша» тобы – қардың
суретін салады.
Мақсаты: Тіс пастасын
пайдалана отырып, қағаз бетіне саусақпен бастыру, қағазды қардың суретін
салғызу.
- Балалар,аққала сендермен ойын ойнағысы келіп тұр
екен.Аққаламен ойын ойнайық па?
- Иа.
Аққала:
- Балалар, сендермен қар лақтырысып ойнайық?
Қимылды ойын «Қарды тез жинау».
Ойын шарты: Балалар екі
топқа бөлініп, үлкен қарларды бір бөлек, кіші қарларды бір бөлек жинау.
Мақсаты: Балаларды
ептілікке, жылдамдыққа дағдыландыру.
Оқу қызметін қорытындылау:
- Балалар, қыс несімен қызықты?
- Қыста қар жауады. Біз қармен ойнаймыз. Сырғанақ тебеміз.
Қардан аққала жасаймыз.
Балалардың білімін бағалау:
- Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.
Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер. Аққаланың сендерге әкелген
сыйлықтары бар екен.
(Аққала балаларға мадақтау қағазын
таратады)
Балаларды мақтап мадақтау:
Балаларды жекелеме мақтап,
мадақтаймын.
Үйге тапсырма беру:
- Балалар, үйде аққаланың суретін саламыз аналарымызбен.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыс мезгілінің
ерекшеліктерін (қар жауады, боран соғады, аяз болады), қысқы ойын түрлерін.
Болу керек: Қыс мезгілінің
ерекшеліктері туралы түсініктері.
Істей білу керек: Қойылған
сұраққа толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуі керек.