«Ардақтайық ананы»
Әдемі әуенге балалар залға кіреді, қолдарында
гүлдер бар.
1.Жүргізуші:
Армысыздар аяулыаналар!
Армысыздар мейірімді әжеле
Армысыздар қызғалдақтайқұлпырғанқыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарғатуыстық.
Бар адамғаберсеананыңмейірімін,
Орнар еді
бар әлемдетыныштық.
2.Жүргізуші:
Құрметтейікбалалараналарды
Бізді өміргеәкелгенданаларды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әрқадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құттыболсын!
1.Жүргізуші:
-Сәлеметсіздер
ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, ақжаулықты әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің
алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға
хош келдініздер. Құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісіне
Сайфуллина Т.К береміз.
2.Жүргізуші:
Баурап алар бірақауызсәлемі,
Қазаққызыәдептідеәдемі.
Қазаққызы–ақылынакөркі сай,
Тұныптұрғансұлулықтыңәлемі.
Құрметтіқыздармерекелеріңізқұттыболсын!
« Гүлдермен би»
Балапан тобынын қыздарын қарсы алыныздар.
1.Жүргізуші:
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Ән:« Тай-тай баскан балапан» Тай-тай басканбалапан, ҚошакандаймомаҚан.
Былдырбылдыр сөйлесин,
Айтканымакөнбесин
Кайырмасы:
Балапанбалапан
жай-шайбасканбалапан
Балапанбалапан
тай-тай басканбалапан
2)Балпанбалпанетерсин,
Қалай ғажапкетерсин
Ер жеткенде сен ертен,
Максатынажетерсін
Кайырмасы:
Балапанбалапанжай-шайбасканбалапан
Балапанбалапан тай-тай басканбалапан- 2 реткайырмасы
2.жүргізуші:
«Адал бол, - деп, - балдырған»,
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат,
Тілегінде марқабат
Апаларға мың алғыс
Тақпақтар:
Әмірлан:
Сендей жан
жоқ аяулы,
Өзің үшін
мақтанам.
Аппақ
мамам, ақ мамам,
Сендей
бақыт жоқ маған.
Әмиралй
Бір өзіңе
арнайын,
Тілегімді анашым.
Сен әйтеуір әрдайым,
Аман болшы анашым
Дильназ:
Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші ақ мамам
Ернар
:
Күнім дейсін мені,
Күн мейрімі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе!
Айналайын ана.
Арнұр
:
Ризамын мен өзіңе,
Балам деген жылы сөзіңе.
Сағынғанда өзіңді,
Жас келеді көзіме.
Арулар асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар-деп отырып,ақ
маңдай,ашық жүзді, аналарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз»
Қарсы алыңыздар!
Ойын: Ата- аналармен «Кім тапқыр »
Ойын шартты: кім тез қыздардың бантиктерін
үтіксіз үтектеп шығады
Тәрбиеші:
Ұлым - ұлым дейсің де
Ұрысумен ұстайсың,
Күнім – күнім дейсің де
Үйде отыр деп қыстайсың
Жаным - жаным дейсің де
Шапалақтап аласың
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамасың.
Ұлдар биі «Джентльмендер»
Ән:Құттықтаймын, мама, тұған күніңмен.
1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың - сен!
Айналайын,мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
Ля-ля-ля –ля-ля-ля
2. Аялаған мені
Салтанатыңмен!
Құттықтаймын сені
Ән қанатымен.
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!
2-жүргізуші:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Құрметті аналар біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің
сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін тәңіріңіз!
Осымен біздің мерекеміз аяқталды.
Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең
мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат
болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!