«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі балабақшада

04.04.2024

Балабақшада қазақ тілін оқыту коммуникативтілік қағидатқа негізделеді, сондықтан қазақ тілі қарым-қатынас құралы ретінде оқытудың барлық әдістері зерттеуге бағытталған. Қазақ тілін оқыту алдына  бір неше міндеттер қойылады: сөздік қорын байыту, еркін сөйлеу, спецификалық дыбыстарды дұрыс айту.

 Сондай-ақ «Балдырған» бөбекжай бақшасының мектепалды даярлық «Жұлдыздар» тобында  Куанышбекова А. А. мұғалімі қазақ тілі оқу қызметін  өткізді. Оқу қызметінің тақырыбы «Аялайық гүлдерді». Мақсаты дала гүлдер, бөлме гүлдері, емдік гүлдер туралы ақпарат беріп, білімдерін кеңейту. Сөйлемдер құрап, өз ойларын толық жеткізу. Қазақ тіліне тән Ү әріпі мен дыбысын қайталау, жазу.

Оқу қызметі барысында балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін айтып, өткен тақырыпты қайталады. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында педагог Әйгерім Айдынқызы балалардың көңілін суреттерге аударды. Сонымен қатар, ү әріпін қайталап, параққа жазды. Оқу қызметін бекіту мақсатында педагог балалармен «Не жоқ?»  дидактикалық ойынын ойнады.

 

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст