«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан аудандық конкурс "Үздік педагог-2020"

30.04.2020

                                            Ғажайып пішіндер әлемі

 

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мақсаты: Геометриялық пішіндер және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Дамытушылық: Балалардың дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап,
Көрнекілік-құрал: Үлестірмелі пішіндер, проектр.

 

Іс-әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Ал балалар тұрайық,

Қолдан шеңбер құрайық.

Дөңгелектей дөңгелеп,

Шыр айналып тұрайық.

Қолды аспанға созайық,

Түзу болып тұрайық,

Бір-біріне қосқанда,

Үшбұрышты құрайық.

 

Жұмбақ:

Күн жылынып, қар ериді,

Жылғалардан су ағады.

Айтындаршы бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

 

Балалар біз бүгінгі қарапайым ұғымдарды қалыптастыру сабағында пішіндермен таныстыруды жалғастырамыз, ал қанеки бәріміз тақтаға зер салайық.

 

Бейнеролик  көрсету.

Балалар тақтадан қандай пішіндерді көріп тұрсындар?

Пішіндер қандай заттрға ұқсайды?

 

Балалар сендер ғажайыптар әлеміне барғыларын келеді ме?

 

 

 

Көктем  мезгілі.

 

 

 

 

 

 

 

Иә

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезе

 

 

 

Балалар міне біз ғажайып пішіндер еліне келіп жеттік.

Шеңбер:

Сәлеметсіздерме балалар.

Мен осы ғажайып пішіндер елінің тұрғынымын.

Ал сендер қайдан келдіңдер?

Балалар сендер мені танисындарма?

Шеңбер:

Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,

Менің атым дөңгелек.

Ал түсім қандай?

Тапсырма:

Геометриялық пішіндерді жапсыру.

 

Ой балалар қалай пішіндерді тез жабыстырдыңдар

 

Сергіту сәті.

«Көңілді күн» бейнеролик

 

Балалар мен сендерді өз достарыммен таныстырайын

 

Шаршы кіреді:

Сәлеметсіндер ме балалар!

Теледидар таныс екен баршаға ал пішіні ұқсайды ғой шаршыға.

Мен қандай пішінмін?

Ал менің түсім қандай?

Тапсырма:

Ал енді балалар менің  тапсырмамды орындандаршы?

Воскобович технологиясы бойынша

Баудан шаршы құрастыру.

Шеңбер:

Шаршы біздің осы  ғажайып пішіндер әлеміндегі үшінші досымыз қайда кеткен сен оны көрмедің бе?

Тақтадан үшбұрыш пішіні көрсетіледі.

Ал қане балалар барлығымыз үшбұрышты шақырайықшы!

Үшбұрыш кіреді:

Сәлеметсіндерме балалар!

Сендер мені шақырдыңдарма?

Мен өзімді мұндай көп балалардың шақырғаның бірінші рет естіп тұрмын.

Мен керемет әсерде тұрмын, көп рахмет балалар сендерге.

Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,

Бірденбілер құлақ асқан сөзіме

Менің атым-  үшбұрыш.

Ал менің түсім қандай?

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар пішіндерді дұрыс таныдыңдар, түстерінде қателеспей таптыңдар.

Дидактикалық ойын:

«Пішіндерге адаспай жол салайық»

Үшбұрыштың тапсырмасы:

Тапсырма жұмыс дәптерінен.

 

 

 

 

иа

 

 

 

Тапсырманы орындайды.

 

Шаршы

 

 

 

 

 

 

 

Үшбұрыш деп айқайлайды

Қорытынды

Ал балалар енді осы ғажайып пішіндер әлемінен өз балабақшамызға қайтатын уақыт болды, ендеше біз ғажайып пішіндер әлемінің тұрғындарымен қоштасайық.

Тәрбиеші:

Ал балалар ортаға келіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық.

Балалар біз бүгін ғажайып пішіндер әлеміне барғанда қандай пішіндермен таныстық?

Жарайсыңдар балалар осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Біздің сабағымызға қатысқан қонақтарымызбен де қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Балалар ғажайып пішіндер әлемімен тұрғындарымен қоштасады.

 

Шаршы, Үшбұрыш Шеңбер

Күтілетін нәтиже:

Біледі : геометриялық денелердің атауын, заттардың белгілері;

 Игереді : логикалық тапсырмаларды шешу кезіндегі талдау туралы түсінікті;

Меңгереді  : қоршаған ортадан геометриялық ішіндегі заттардың табу, есепті шығару кезіндегі талдау, әр түрлі белгілер бойынша салыстыру.

 

 

 

 

 

 

 

        

 


Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст