«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет

22.02.2024

Қоғамымыздың  басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Ал тиімді еңбек ету үшін қызметкерлерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемаларымен айналысады.

        Қысқасы, еңбекті қорғау дегеніміз құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының  қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.

         Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ережелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі керек.

Сайып келгенде мекеменің  ең құнды ресурсы – адамдар. Ал мекеме басшысының міндеті – олар үшін қолайлы   еңбек  жағдайын  жасау. «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-да  қызметкерлердің  еңбек  қауіпсіздігін қадағалау  мақсатында бөбекжайымыздың Еңбекті қорғау  инспекторы Гафарова А.С  жүйелі  жұмыстар  жүргізіп тұрады.Үнемі еңбек  кезіндегі  қауіпсіздік  түсіндіріліп, қызметкерлерді  таныстырып  отырады.  

Просмотров: 951


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст