«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қарлығаш» ерте жас тобының бейімделуі

02.02.2024

«Қарлығаш» ерте жас тобында-16 бала.Қыркүйек айында балалар топқа қабылданды.Желтоқсан айына дейін жарты жыл бейімделу бақылауында болды.Балалардың балабақшада, топта бейімделуін анықтау мақсатында оқу жылының бастапқы айларында, бақылауға алынып, бейімделу парақтары толтырылды.Әр баланың жеке парағы бар,соның ішінде баланың мінезі,қарым-қатынасы жазылынады.Балалар тез үйрену үшін күнделікті  бақылауда болып, қорытынды шығарылды(Дмитриева Г.А. бойынша).Жарты топ балалардың  бейімделуі орташа және жеңіл түрде және қиын бейімделуде-3,4 бала болды.Соның ішінде Қайратұлы Ерасыл,Абзал Азалияға ерекше көңіл бөлінді.Қиын бейімделген балалардың тәрбиешілеріне кеңестер берілді, ата-аналарымен әңгіме жүргізілді,ерте жас  топтардың ата-аналарына «Баланың балабақшаға бейімделуі» туралы яғни үйдегі баланы балабақшаға әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай көмек көрсету қажет екенін ата-аналарға әртүрлі психологиялық кеңестер ұсынылды.Аптасына 2 рет топтық жеке жұмыстар,жарты жылдық бейімделу бойынша есеп жүргізіледі.Сонымен қатар жадынамалар, ата-аналарға арналған тренингтер «Балаларды қалай жақсы көреміз» , қызықты ойындар өткізіледі.Балалар бақылауға алынып, ойын-сабақтар өткізіледі. «Менің сүйікті ойыншығым», «Әр түрлі мамандықтар иесі», «Менің отбасым»,қызықты дидактикалық ойындар өткізілу мақсатында балалардың қызығушылығы оянып,  бар жылу беріп, жақын тарту арқылы бала балабақшаға тез үйренеді.Педагог-психолог өзінің кабинетінде тәрбиеленушілердің нұсқауымен жеке жұмыстар да жүргізіледі. Қол моторикасына арналған тапсырмалар «Үй жануарлары»,«Кім қалай дыбыстайды».

МКҚК «Балдырған»бөбекжайы

Педагог-психолоог.Белгібаева М.Д

Просмотров: 1243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст