«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз- жыл басы

30.03.2020

Наурыз – жыл басы

22 Наурыз күні қазақ халқы Наурыз мерекесін атап өтеді.
Наурыз - қазақ халқының ұлттық мейрамы.

Балаларға қазақ халқының ұлттық мейрамы Наурыз туралы түсіндіріп өтеміз.

Ортада дөңгелек үстел үстінде құрт,ірімшік,жент, бауырсақ жәнеде қазақтың басқада ұлттық тағамдары қойылады.Үстелдің жанында қазақша киінген әже келіп отырады.

     Дастарханда дәміміз,

     Жайдарымыз бәріміз.

     Көжесі көп , қыры көп,

     Қандай жақсы наурыз.

 Әже балаларды қарсы алады. Балалар әжемен келіп сәлемдесіп, үстел айналасына орналасады. Әже балалардан бүгін қандай мереке екенін сұрайды.

Наурыз  дегенді қалай түсінесіңдер?
Наурызды халық қалай тойлайды?
Наурызға қатысты қандай ырымдарды білесіңдер?

Балалар наурыз туралы білгендерің әңгімелейді. Наурызда бір-біріне қонаққа бару керектігін, татуласу керектігін ұғынады.

Наурыз күн мен түн теңелген кез. Ол күні ренжіскен адамдар татуласады. Әр үйде дастархан жайылып бір-біріне қонаққа барады.

Міне, алдарында қазақтың ұлттық тағамдары тұр. Жеті түрлі дәм салынған наурызкөже дайындалады.

Балалар  " Наурыз – жыл басы " әнін әжеге орындап береді.

Әнде не туралы айтылған?

Ән көңілді ме,әлде көңілсіз бе? Әннің бір шумағын қайырмасын орындап береді Балалар ән туралы түсініктерін жеткізеді.Балалар жаңа әнді әуенмен айтуға,естеріңе сақтауға тырысады. Әже балаларға ризашылығын білдіріп ,мадақтап ,қоштасып , үйлеріңе қайтады.Балалар алған көңілді әсерлерімен тарайды.

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст