«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

бірінші кіші топта 8-наурыз мерекесінің сценарийі

17.03.2020

«Аяулы анашым»

Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге  күннің  нұрын  төгіп келген  көктем мерекесінің  ерекшеліктерін атай отырып , табиғаттың жаңаруын , құлпыруын  балаларға жеткізу,

Ешқашан аналарын ренжітпеуге , қолғанат болуға  , құрметтей білуге тәрбиелеу.

Балалар залға кіреді:

1-жүргізуші: Қымбатты аналар , қонақтар «Жұлдыздар »  I-кіші тобының «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Сіздерді көктем айының  мерекесі  8-наурыз  аналар күнімен құттықтаймыз ! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдерініз жайдарлы бола берсін ! Кішкентай бүлдіршіндерініздің  өнерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:  Балалар қарандаршы айнала  неткен әдемі, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

2-жүргізуші:  Дұрыс балалар көктем мезгілінде күн  жылынып, қар еріп жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.

1-жүргізуші:  Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі! Қане, балалар бәріміз аналарымызды құттықтап ән айтып берейік.

Ән: «Қ\Кәне қайсы екен алақан»

  1-жүргізуші:  Жарайсыңдар! Тыңдандаршы  балалар ана  жақта «мама,мама,мама»  деген  дауыс естіледі.

2-жүргізуші:  Бұл не дыбыс: кім екен  мамасын жоғалтқан.

Залға қоян кіреді.

Қоян: Мама,мама! Мамамның артынан  еріп  келе жатыр  едім, Адаысп қалдым. Енді қайдан табамын? (Жылайды)

1-жүргізуші:  Қоянжан неге жылайсың , жылама. Біз саған маманды тауып береміз. Балалар қоянжанның көңілін  көтеру  үшін ән айтып берейік.

«Топ , топ, балақан»

2-жүргізуші:  Қоянжанның көғіл  күйі әлі жоқ. Ендеше біздің ұлдарымыз аналарына арнап тақпақтарын айтып берсін.

 

Алан:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу арнаймыз

 

Мәди:

Жүзімізге қараныз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге  қымбат аналар!

 

Ахмет:

Аялаймыз анамызды

Құрмсеттейміз бағамыз

Сіздер үшін аналар,

Шырқап інге саламыз

 

Алинур:

Апатайым анашым

Ақылы мол данасын

 

Алдияр:

Ана м болса қасымда

Басқа бақыт не керек

 

Славик:

Құттықтаймын анащым

8-ші Наурызбен!

 

Ерасыл:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

 

Асаналі:

Анам менің анашым

Сені жақсы көремін

 

 

Дидар:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әженіде ардақтап

Әдеппен бас иеміз

 

 

 

 

Айдар:

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған итілегім

Қртаймашы анашым

 

1-жүргізуші:  Қоян сен  жылама сенің маманды тауып аламыз.

Сенің маманды тапқанша біздің балалар  көңілді  көтеріп ойын ойнайық

Ойын: «Ақ қоян ойыны»

Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттындарғой.

2-жүргізуші:  Аюжан ренжімеші мында қоян масынан адасып қалыпты, ол  жылай береді.Біздің   балалар  көңілдерін  көтеру үшін би белеп берген  болатын. Аюжан сен ренжіме біздің қыздар да  саған арнап би билеп, тақпан айтып бермекші:

Тақпақ: (қыздар)

М.Айару:

Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Аналардың  мейрамын

Бірге қарсы аламыз

 

Жания:

Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз  ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

Адия:

Ана біздің күніміз

Ананың біз  гүліміз

 

Диана:

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекен

 

Дария:

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейрімдіғой керемет

Ж.Айару:

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Сабина:

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін

 

Еркежан:

Ана менің анашым

Сені жақсы көремін

Мерекнмен бүгінгі

Құттықтаймыз мен сізді

Аналармен ойын: «Ленточки»

Осы кезде ару көктем келеді.Сәлеметсіздерме балалар!

Менімен бірге күн жылынып , айнала сұлуланып нұрланып тұр. Сендер неге шулап жатсыздар?

-Ой  менің орманымдағы достарым осында екен ғой.

2-жүргізіші: Көктем, біз балалармен  8 наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Біздің  қыздардың  сізге арнаған биін тамашаланыз!

Би «Көбелектер»

1-жүргізуші:  Барлығымыз бірге боймызды сергітіп алайық.

Ойын: «Кім тез»

Ару көктем: Рахмет балалар , көңілімді көтердіңдер. Мен сендерге  өзімің сыйлығымды ала келдім. Енді мен достарымды қоянжанды, аюжанды мамаларына апарайын. Сау болыңдар балалар!

2-жүргізуші:  Кейде осындай, айтқанды тыңдамай мамасын адасып кететін балалар  кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай   бала жоқ . Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды, құрметтеп жүреді.

1-жүргізуші:  Дұрыс айтасын біздің балалар тәртіпті! Ендеше балалар біз қазір аналарымызға арнап ән айтып өз қолымызбен жасаған сыйлықтарды беретін сәтте келді.

 Балалар анарына сыйлықтарын ұсынады. Сау болыныздар!

Просмотров: 9023


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст