«Абай- дана, Абай- дара қазақта» атты әдеби-музыкалық кеш
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу.
Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Көрме: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар.
Кіріспе:
1-жүргізуші :
-Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар қауымы.
Бүгінгі кемеңгер ойшыл, кемеңгер ақын Абай атамызға арналып отырған әдеби кешке қош келдіңіздер.
2-жүргізуші :
- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
1-жүргізуші :
- Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
Абай –лебі, Абай - үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2-жүргізуші :
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен...
деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін өлең оқушыға берейік:
«Ғылым таппай мақтанба» оқитын: ересек тобының тәрбиеленушісі Халибек Гүлназым
1-жүргізуші :
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды.
Ән « Желсіз түнде жарық ай» орындайтын балалар
2-жүргізуші :
Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.
Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық.
«Айттым сәлем Қаламқас» әні, орындаушы саз маманы Искакова Гүлмира Бекболатқызы
Жүргізуші:
Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді.Табиғаттыңәртүрлі құбылысына қарайжаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын мына өлең жолдарынан өзің көріп тұрғандай боласыз.
Тақпақтар : «Қыс»- Нұраят , «Жазғытұры»-Інжу , «Жаз»-Айым, «Күз»- Айлин .
жүргізуші :
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі -қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
Абайдың 7 қара сөзі: оқитын Балдаева Жұпар Бақытқызы
1-жүргізуші :
Абай Құнанбайұлының Крыловтан аударған мысалдары бар.Әуезов Абайдың Крыловтан аударған «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден», «Түлкі мен қарға» атты 5 мысалын ерекше жоғары бағалаған.
«Түлкі мен қарға»
жүргізуші :
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
Ән: «Көзімнің қарасы» орындайтын саз маманы Қамбаров Самат Сатаевич
1-жүргізуші :
Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы. Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз.
2- жүргізуші :
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім?» өлеңімен аяқтағым келеді.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.