«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ерте жас тобының аналар мерекесіне арналған сценарийі

12.03.2020

Тақырыбы:“Ана –аса  қымбат   жан”

Мақсаты:-Мерекелік көңіл-күйін құру;

-Ән және қозғалыс орындаушылық  дағдыларын қалыптастыру;

-Балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;

-Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу.

Ертеңгілікке өткізуге қажетті құрал-жабдықтар:Безендірілген әсем зал,гүлдер,сыйлықтар,әсем  әндер үнтаспа,т.б.

“Ана –аса қымбат жан”

Ертеңгіліктің барысы:Балалар  залға қол ұстасып,жұптасып әдемі  әуенде вальс ырғағымен айналып келеді

Тәрбиеші: -Құрметті аналар,әжелер  сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі -8Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!Алғашқы көктем  мерекесі Жер бетіне  өмір сыйлаушы  нәзік,ақылды,сымбатты,мейірімді  жандарға арналғаны  қандай тамаша  мереке!Әлемдегі  ең асыл жан ол-Ана десек,жүрегімізде   сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады.Ана бұл аяулы  да мейірімді жан.Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші  сөзін “Ана” деп айтады.Өмірдің есігін ашқаннан соң  осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.Осы бір  “Ана” деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!Ару-ана,Ару-асыл жар,Ару-көңілдің гүлі,Ару –өмірдің жыры,тіпті айта берсең сөз жетпейді.Олай болса,бүгінгі аналарға,әжелерімізге арналған “Ақтиін” ерте жас тобының  бүлдіршіндерінің  “Ана –аса қымбат жан” ертеңгілігіне  қош келдіңіздер!

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

 

Хор: “Аяулы анашым ”

 

Тәрбиеші:Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым,

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар,әжеміз бар.Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай  сыйлық жасасақта жарасымды.Өйткені,бізді өмірге алып келген,бізге әлемнің жарығын сыйлаған анамыз емес пе?Олай болса,әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен,соны табыс етсін.(балалар гүлдерімен ортаға шығады).

Тәрбиеші:

Күндеріңіз толсын,гүлге желекке

Отбасында болсын ырыс-береке,

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан,бақ әкелсін  мереке-дей отыра бүгінгі  “Ана –аса қымбат жан” атты   ертеңгілігіміз аяқталды,келіп тамашалағандарыңызға  көп рахмет.

Просмотров: 643


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст