Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін біздің балабақшамызда Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Абай дара
Абай дана қазақта» атты апталығымыздағы
«Толағай» отбасылық спорттық сайысқа қош келдіңіздер!
Жанұялар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын тобымызды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Абдуалиевтар отбасы
Қалмағамбетовтар отбасы
Абильдиновтар отбасы
Ракишовтар отбасы
«Музыка» шырқалады
Ал сайыскер топтар,
Ешкімнің жоқ алалар.
«Жеңімпаз болу» үлкен сын,
Оны әділқазың бағалар.
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің
Таңдап баға беруге ,
Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.
1 .Балабақшамыздың меңгерушісі: Серикбаева Гульнара Сатаевна
2.Әдіскер: Дабылова Мейрамкуль Тулеуовна
3. Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ж.Сейтахметов .
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Жанұялар жарысып,
«Толағай» отбасы болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
Таныстыру
Асық ойыны
Пирамида жинау
Сұрақ жауап?
Абай Құнанбайұлы кім?
Абайдың неше қара сөздері бар?
Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
Абайдың анасынаң аты кім ? (Ұлжан)
«Айбай» жолы романың кім жазды? (М.Әуезов)
Хоккей Таяқшасымен шарды итеру
Кедергілер арасынан өту
БИ: Балапан тобы
Қорытынды бөлімі:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл мықты.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,
Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтерер деген екен ,
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Әділқазылар жауаптары:
Жүргізуші:
Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,
Жоғары боп күш-жігер,намысымыз
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!