«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

техкарта «Құстар - біздің досымыз. Торғай»

26.02.2020

                                                                     Технологиялық карта

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз. Торғай»

Мақсаты:  Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру. Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды ажыратып атай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап,шаттық шеңбер, ойын, тақпақ.

Көрнекіліктері:Құстардың суреттері, ұялардың суреттері.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:Құстар туралы тақпақтар үйрету.

Билингвальды компонент: құстар – птицы – birds, дос – друг – friend.

 

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Баланың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз

 

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Атап айтыңдаршы.

-Дұрыс-ақ, жарайсыңдар.

 

Балалар шеңберге тұрып бірге орындайды

 

 

-Көктем мезгілі

-Күн жылына бастады, қар еріп суға айналды. Ағаштар бүршік жара бастады, құстар жылы жақтан ұшып келді.

-Үш ай

Наурыз, сәуір, мамыр.

 

Іздену ұйымдастырушы

-Ал кәне балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Балалар, біздің кең байтақ жеріміздің табиғаты өте сұлу, әрі әдемі. Біздің жерімізге жетер ешбір мекен жоқ.Балалар біз немен демаламыз? Нені басып жүреміз? Ал су не үшін керек?

-Дұрыс, балалар, ауамен дем алып, суды ішеміз. Осының бәрін, бізді қоршаған ортаны бір сөзбен табиғат деп атаймыз.Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде осы табиғатымызға әдемі көрік беретін құстар жөнінде әңгімелейміз.

-Балалар, мына суретте ненің суретін көріп тұрсындар?

Осы құстардың атын атап айтыңдаршы.

-Балалар құстар туралы не білесіңдер?

-Дұрыс-ақ, олар адам өміріне, табиғатқа үлкен пайда кетіреді.Сондықтан біз оларды қорғауымыз керек.

Дидактикалық ойын: «Дауысынан ажырат»

Мақсаты: Берілген құстардың дауысынан ажырата білуге үйрету.

Жұмбақ:

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды ......(қарға)

(Топқа көңілсіз қарға кіреді)

-Сәлеметсіз бе, қарға! Сен қайдан ұшып келесің? Неге көңілсізсің?

Қарға: -Сәлеметсіз бе, балалар! Қарқ-қарқ-қарқ! Менің қарным аш, қонатын ұямда жоқ, тоңып жем таба алмай ұшып келе жатып, сіздердің топтарыңызға байқамай ұшып кіріп кетіппін, кешіріңдер! Қарқ-қарқ-қарқ! Маған көмектесіңіздерші.

-Ой, қарға, келгенің жақсы болды! Сен мұңайма, қамықпа! Балалар құстар жайлы әңгімелесіп жатыр еді. Олар табиғатты, құстарды жақсы көреді, аялай біледі, қорғай біледі. Саған да көмекткседі. Кел төрлет, бізбен бірге бол!Балалар қарғаның көңілін көтеріп, тақпақ айтады.

Тақпақтар:

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

 

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзін қимаған.

-Балалар, біз құстар туралы мақал-мәтел білеміз бе? Кәне кім айтады?

Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,

Жоғары ұшса күн жылынады.

 

Сауысқан шиқылдаса жақсы хабар

естиміз.

 

Құстар – достар

Қыста құсқа жақсылық жасасаң

Жазда жақсылығыңды өтеп береді.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық

Кәне қант жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Бір-екі-үш

Қарлығаш боп ұш

Төрт-бес-алты

Қарлығаш боп қалқы

Жеті-сегіз-тоғыз-он

Қарлығаш боп қон.

 

-Балалар, орнымызға отырайық -Балалар, суретке қараңдаршы.нені көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс-ақ, ұяларды көріп тұрмыз.Ұялар ағаштан, балшықтан, ағаштың бұтақтарынан, шөптен жасалған екен. –Ал балалар, ендеше біз қарғаға ермексаздан ұя жасап, сыртын әдемілеп фасоль жапсырып береміз.

Тапсырма: «Ұя құрастыру»

Мақсаты:балаларды өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

Құстардың

Қарға, аққу, үйрек қарлығаш, тоқылдақ, сауысқан, қаз, т.б.

Құстар біздің досымыз, олар ағаштарды құрт- құмырсқалардан қорғайды,ағаштардың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі.

Балалар қызығушылық танытып ойнайды.

 

 

 

 

 

Сәлеметсіз бе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақтар айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар серігіп қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұялар

 

 

 

 

 

 

 

Балалар топтасып, бірігіп жұмыстанады

 

 

Рефлексивтік коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетін нелер туралы әңгімеледік?

-Қарғаға не жасап бердік?

-Сендерге бұл оқу іс-әрекеті несімен ұнады?

Балаларды мадақтап оқу қыметін қортындылау.

 

Балалардың жауабы

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Табиғат өзгерістерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Табиғатты бағалау, аялау, қорғау қажеттілігін түсінеді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Құстарға қамқорлық көрсетуді, даусын ажыратуды.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст