«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қарлығаш" ерте жас тобы балаларының балабақшаға бейімделу кезеңі

25.08.2023

Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін үшін алғашқы күндер бейімделу кезеңі болып табылатыны сөзсіз. Бір бала жылап келеді,бір бала қуанып келетіні шындық.Кез келген Сәби үшін жаңа бөлме,жаңа ойыншық,жаңа адамдар,жаңа өмір ережелерінің бір мезетте ұсынылуы эмоционалды стресс туғызады. Ерте жастағы балалар үшін өзіне жақсы таныс отбасылық жағдайдан бөтен ортаға бөбекжай-бақшасына келуі баланың мінез құлқының өзгеруіне,ұйқысы мен тәбетінің бұзылуына әкеліп соғады.

Осы ретте  тамыздың 1 жұлдызынан бастап « Қарлығаш» ерте жас тобы ашылып сәбилер қабылдай бастадық,бірінші күннен бастап 8 тәрбиеленуші келді. Жас айырмашылығы 1 жас 3 ай мен- 1 жас 9 ай аралағында.

«Қарлығаш» ерте жас тобындағы 8 тәрбиеленушінің бөбекжай- бақшаға қабылданған күннен бастап бейімделу кезеңін бақыладық.  Алғашқы 3 күн тәрбиеленушілер жарты күннен келіп жүрді. Екі тәрбиеші және тәрбиеші көмекшісі қатар жүрдік. Таңертенгі қабылдау кезінде балалар топқа жатырқамай тез бейімделу үшін,балаларға арналған көңілді әуендер қосып, топ ішін түрлі ойыншықтарға толтырып қойдық. Нәтижесінде 3 сәби бақшаға жеңіл бейімделді, қалған 5 сәби өте ауыр бейімделді,  ауыр бейімделген сәбилердің ата анасымен онлайн байланыс жасай отырып, олардың ана сүтімен тамақтанатынын білдік.Өйткені аналарын іздеп жылайтын еді. Кейіннен қатарымызға 4 тәрбиеленуші қосылды. Арине оңай болған жоқ, топқа сырттан бөтен адамдар кіріп шықса бәрі бақырып жылайды. Әсіресе тамақ ішкенде қиындау болды,өйткені олар қасық ұстау білмейтін.Өзіміз көмек беріп тамақтандырып отырдық. Біз өзіміздің іс тәжірибемізде балаларды жалықтырмайтындай шаршатпайтын ойын түрлерін қолдана бастадық.Мысалы «Ақ қоян», «Допты домалат» қимылды ойындары, «Қуыршақты кииндіреміз», «Жемістерді жинаймыз» дидақтикалық ойындары көңіл күйлерін жақсартуға,қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізді. Нәтижесінде ерте жас тобының тәрбиеленушілері бізге де, құрдастарына да тез үйреніп кеткенін сеніммен айтқымыз келеді.

Тәрбиешілер: Елькеева А.А, Малиева З.А.

Тәрбиеші көмекшісі: Метжанова Г.Т.

Просмотров: 2043


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст