«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ашық сабақ

11.02.2020

«Қарлығаш» І кіші топ  

 ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Балық»

Мақсаты:

Білімділік: Ермексаз кесектерін үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып балықты мүсіндей алу білімдерін бекіту.

Түзете- дамытушылық: Ермексазды домалақтау, созу тәсілдерін қайталау. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын дамыту. Балықты мүсіндеуді үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балықтар туралы әңгіме жүргізу, жеке жұмыс.

Әдіс- тәсілдері: АҚТ, дидактикалық ойын

Қажетті көрнекі құралдар: түрлі- түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, мүсіндеуге арналған тақтайша, үлестірмелі материал, жұмыстың дайын үлгісі.

Қостілділік компонент: Балық – рыбка.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері.Көңілді әуенмен шаттық шеңбері жасалады.

 

 

(Музыка қосылып  Білгішпек келеді.

Ой балалар бір көңілді әуен естіледі,тыңдаңдаршы.

Білгішпек келеді.

Ой балалар, мен қайда келдім?

Тәрбиеші: Салеметсизбе ғажайып қонақ .Сіз біздің балабақшамызға келдіңіз.Сіз кім боласыз?

Білгішбек: Сәлеметсиздерме балалар. Мен амандасуды ұмытып кетиппін ғой,кешіріңіздер.Мен жан жағыма қарап, қызықтап жүргенде ұмытып кетиппин.Мені танымайсыздар ма?

Тәрбиеші: Жоқ, танымаймыз.

Білгішпек: Мен Білгішпекпін.Мен бәрінде білгім келіп тұрады.Сондықтанда мені Білгішпек деп атаған.

 

-Тәрбиеші: Білгішпек есіміңіз ерекше екен.Сіз сияқты біздің де балалар білімге құштар, бәрінде білгісі келеді.

Білгішбек: Ой балалар мынау не?

Тәрбиеші: Бұл аквариум.

Білгішбек: Бұл аквариум не үшін керек?

Тәрбиеші: Бұл аквариумда балықтар тіршілік етеді. Балықтар сусыз өмір сүре алмайды.

Білгішбек: Неге сусыз тіршілік ете алмайды?

Тәрбиеші:Сіз Білгішбек балықтар туралы білгіңіз келсе,бүгінгі біздің сабағымызға қатысыңыз, сонда бәрінде білесіз.

Білгішбек: Әрине білгім келеді, ендеше менде сабаққа қатысайын.

Тәрбиеші: Ал балалар біз бүгін мүсіндеу сабағында балық жасаймыз.

 

Ой балалар не мынау, менім білгім келіп тұр, бұнда не бар? Бұнда не болу керек?

( аквариумда жүзіп жүрген балықтарды тамашалайды. )

 

-Балалар, қарандаршы балықтардың түстері қандай?

 

Балалар білгішпекке назар аударады.

Балалар білгішпекпен мен амандасады.

 

Балалар тәрбиешінің көмегімен алтын балыққа жауап береді.

Балықтар.

 

Балалар тәрбиешінің көмегімен балықтардың түстерін айтады.

Сары.жасыл, қызыл.

 

Ұйымдастырушылық ізденушілік

 

Дидактикалық ойын: «Қармақпен балық аулау»

Саусақ жаттығуы:

Балықтар суда жүзеді.

Желбезектері желпілдеп,

Жем іздейді жан – жақтан.

Жүзеді, жүзеді

 

Сергіту сәті:

Балық суда жүзеді,

Жып- жылтыр боп бүйірі.

Қолға түспей қашады,

Ұстағып кеп шаршадым

 

Балаларға балықтардың жасалу тәсілін көрсете отырып түсіндіріледі.

Домалақтанған ермексазды созу арқылы пішінге келтіреміз. Үш жағы сүйіленіп келген сопақша келген ермексазды сопақша пішінге тақтайша бетіне қоямыз, алақанмен жалпақтау арқылы жаншимыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

 

Балалар тәрбиешімен бірге саусаққа арналған жаттығуларды жасайды.

 

 

 

 

Балалардың жауабы:

Ия

 

Балалар үлестірмелі материал арқылы балықтың жасалу жолымен танысады.

 

Тәрбиешінің көмегімен балықтардың дұрыс орналасуына назар аударады.

 

 

Балалар тәрбиешінің көмегімен өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

 

 

Рефлекциялық түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар!

Ал  енді балалар бүгінгі мүсіндеу сабағында жасаған  балықтарымызды бүгінгі қонағымызға сыйлайық, оның да сендер сияқты достары көп болсын!

Ал балалар қане бәріміз балықтарды аквариумға салып берейік үйткені балықтар сусыз тіршілік ете алмайды ғой.

Білгішпек:

Рахмет балалар сендерге алғысым шексіз.Мен бүгін сендерге келіп,балықтар туралы біліп алдым.Сендер кіп кішкентай болсаңдар да қандай білімқұмар балалар екенсіңдер.Өркендерің өссін.Мен енді өз еліме қайтайын.Сау саламат болыңдар.

Қорытынды: Балалар, біз бүгін мүсіндеу сабағында нені жасадық?

Балықтардың түсі қандай?

Балалар балықтар суда ғана тіршілік етеді.

Тәрбиешінің көмегімен балалар бөлінген балықтардың дене мүшелерін біріктіреді.

 

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: дайын бөлшектерді біріктіре отырып балықтың денесін мүсіндеді.

Түсінеді: балықтың пайдасын, оларды қорғау қажеттігін.

Қолданады: оқу іс- әрекеті барысында алынған дағдыларды.

 

Просмотров: 730


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст