Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«______________» тобы «____»_______________20___ж
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: «н» дыбысын дұрыс дыбыстату, әріп таңбасын қайталау; ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту; балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, көркем суреттер.
Сөздік жұмыс: қиынсынып
Билингвальды компонент: тышқан-мышь, сауысқан-сорока, шалқан-репка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық– қозғаушылық
Педагог балаларды шаттық шеңберге тұрғызады.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Шаттық шеңберіне тұрып айтады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Балалар, өткен тақырыпта «н» дыбысымен әрпімен танысқан болатынсындар.
-«Н» дыбысы қандай дыбыс?
-Мен өлең оқимын «Н» дыбысы бар сөздерді естеріңде сақтап айтып беріңдер.
Сөлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па, қуыршақ?
Жуынбайсың се неге,
Кірің жоқ па, қуыршақ?
(Р. Тышқанбаев )
«Буынды айтып сөз құра» дидиактикалық ойыны:
Ойын шарты: педагог айтқан буынға балалар сөз құрап айтады. Мысалы: На..., Та...,
Сергіту жаттығуы:
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен,
Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қолды жоғары көтеріп,
Қолды төмен түсіріп,
Терең тыныс алайық
Педагог тақтаға көркем суреттерді іліп, балаларға аттарынқолды шапалақтау арқылы буынға бөлгізеді. Мысалы: шалқан, тышқан, тиін, қоян, орындық, сауысқан.
Билингвальды компонент: тышқан-мышь, сауысқан-сорока, шалқан-репка.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі №8 тапсырма орындалады.
-Дауыссыз дыбыс
Балалар сен неге жуынбайсың деген сөдерде кездесетінін айтады.
Нан, тау, тас, нар т.б.
Қимылын келтіріп жасайды.
Балалар қолдарын шапалақтап, буынға бөледі.
Шал-қан, тыш-қан т.б.
Қайталайды
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық – түзетушілік
-«Н» дыбысы қандай дыбыс?
-Бір буынды неше дауысты дыбыс болады?
-«Н» дыбысы дауыссыз дыбыс
-Бір буында бір дауысты дыбыс болады.
Күтілетін нәтиже
Орындайды: сөздерді буынға бөлуді, қысқа сөз құрауды;
Түсінеді: дидактикалық ойын шартын;
Қолданады: ойын барысында буыннан сөз құрай білу дағдыларын.