Текст
Ағымдағы жылдың 27 тамызында Жарқайың ауданы бойынша кезекті педагогикалық тамыз кеңесі өткізілген болатын. Тамыз конференциясында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, «Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалаық кәсіптік одағын ұйымдастыру» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбай Әбдірахманов және аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеиісова сөз сөйлеп құттықтады. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының секциясы «Балдырған бөбекжайының» базасында өткізілді. Педагогтар өзара жаңа оқу жылының өзгерістерімен, шеберлік сыныптарымен алмасты.