Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады. Баланың кез келген іс-әрекетінің негізі оны қоршаған нәрселермен, атап айтқанда, табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады. Жазғы жоспарымызға сай «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері орталық саябақ және алаңдағы субұрқаққа сапармен барды. Бұл сапардың негізгі мақсаты балаларға туған өлкеміз туралы, қаламыздағы көркем жерлер туралы білім беріп, оны бекіту болып табылады.