Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны «сиқырлы өлке» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр- адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері- тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна \театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.
Ағымдағы айдың 4-і күні балабақшамызға «Алтын шөжек» атты қойылыммен Арқалық музыкалық теартының ұжымы келіп өнер көрсетіп кетті. Балалардың назарын өзіне толықтай аудара білген қойылым иелеріне алғысымызды білдіреміз.