«Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ның Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жайлы мәлімет
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172-бұйрығына сәйкес «Балдырған» бөбекжай - бақшасы» МКҚК-ны «Мектепке дейінгі білім мекемесіне баланы қабылдау және шығаруға құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша балабақшаға құжаттарды қабылдайды. 2018 жыл қыркүйек айынан бастап Akmola.kz сайты арқылы электронды түрде қызмет көрсетіп келеміз. Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі ) балаларды балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою, жолдама алу және құжаттар тізімін алу жүйедегі жұмыс бойынша қадамдық нұсқаулықтарды ата-аналарға түсіндіріп, мәлімет беріп отырамыз. Себебі кей ата-аналар электронды жүйе туралы әлі де біле бермейді. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштерді, құжаттарды тіркеу және ата-аналардың арыз-шағымына арналған журналдар жүргізіп отырамыз. 2018 жылы 36 баланы қағаз түрінде, 6 баланы электронды жүйе арқылы қабылдадық. 2019 жыл қаңтар айынан бастап 19 баланы электронды жүйе арқылы қабылдадық.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9-қарашадағы № 632 бұйрығымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сай балабақша педагогтарын аттестаттауға құжаттарын дайындаймыз. 2018 жылы балабақша бойынша аттестациядан өтетін 4 педагогтың барлық құжаттары тізім бойынша жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына тіркелді. Педагогтардың барлық құжаттарын тіркеу және арыз-шағым журналдары жүргізіледі.
Балабақша меңгерушісі Т.К.Сайфуллина 24.04.2017 жылы «Повышение качества оказания государственных услуг в сфере образования» тақырыбында Көкшетау қаласында біліктілігін арттырып, № 0000249 сертификат алды. Жалпы балабақша бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып 13.07.2018 жылдан бастап № 17 бұйрықпен А.С.Гафарова бекітілді. А.С.Гафарова 14-16.11.2018 жылы Көкшетау қаласында «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мүмкіндіктері шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту» тақырыбындағы оқытудан өтіп, № С20180002026 сертификатқа ие болды.
Мемлекеттік қызмет көрсету бөлмесі ата-аналарға ыңғайлы, жарық, талапқа сай. Ата-аналарға үнемі толық мәлімет беріп отыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы үнемі жаңартылып отырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бұрышында Ақмола облысы әкімдігінің этика жөніндегі жауапты уәкілеттілігі Н.Т.Абдрахманов және Жарқайың ауданы әкімдігінің этика жөніндегі жауапты уәкілеттілігі Г.М.Баегизованың байланыс телефондары, электронды почталары көрсетілген. Кез-келген азамат өз сұрақтарына байланысты әр айдың алғашқы бейсенбісінде 10:00 – 12:00 аралығында осы байланыс телефондарына хабарласа алатындығы көрсетілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жол (пандус) және шақыру қоңырауы талапқа сай орнатылған.
Ата-аналар 9-19-05 байланыс телефоны арқылы мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі ) балаларды балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою, жолдама алу және құжаттар тізімін алу жайлы барлық сұрақтарына жауап алады. Балабақша бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ата-аналардан арыз-шағым түскен жоқ.
«Балдырған» бөбекжай-бақшасы»
МКҚК-ның меңгерушісі: Т.К.Сайфуллина
(қолы) (аты-жөні)
Орындаған:
Гафарова А.С
Тел: 9-19-05