Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Осы мерекеге орай балабақшамыздың іші ерекше көңіл күйге толып, мерекелік іс – шаралар бастау алды.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.
Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам,
Қайта оралған намысымдай наурызым,
Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым