Текст
1- наурыз "Алғыс айту" күніне орай "Балдырған"бөбекжай-бақшасы" МКҚК-да түрлі іс-шаралар өтті. Кіші топтың тәрбиешілері ата-аналарға арнап құттықтау газеттерін шығарды. Басқа топтарда тәрбие сағаттары өтті. Бүлдіршіндеріміз ата-аналарына арнап өз қолдарынан түрлі құттықтау хаттарын ұсынды. Ата-аналар да балабақша ұжымына өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.