«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күн дидарлы Қазақстан!» мерекелік іс-шара

13.12.2018

Тәуелсіздік күні

сценарий балабақшада

 

Дайындағандар: «Жауқазын» І  кіші 

тобының  тәрбиешілері

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері,

Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айту  арқылы  еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін

арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.


Еліміздің Тәуелсіздігіне орай

өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға  кіреді.

І 

жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


ІІ  жүргізуші:

Азат

өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


І жүргізуші:

Әнұраным, жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраным


Әнұран

І жүргізуші:   Құттықтау 

сөз  кезегі   балабақша 

меңгерушісі  Сайфуллина  Тливлес 

Камешқызына  беріледі.

ІІ жүргізуші:

Рәміздерім – елдігімнің  белгісі,

Білу керек бала –дағы ең кіші.

Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Қазақстан қандай

мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз,

егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы

Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай

қала?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана-бас қала, әдемі,

үлкен қала.


Қыздар  биі

ІІ жүргізуші: Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Әнуар

Отан- менің ата-анам.

Отан-досым, бауырым.

Отан-өлкем, Астанам.

Отан-аудан, ауылым.

Айбын.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым.

Отан мәңгі гүлденеді.

Асанәлі

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Айзере

Астана-бас қалам

Астана-жас қалам

Көркейіп жайнай бер.

Жасай бер Астанам.

Аян

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам, бас қалам!

Әли

Тәуелсіз елім бар.

Кең байтақ жерім бар.

Айдын шалқар көлім бар.

Тәуелсіз елім бар.

І жүргізуші:

Барлық

ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық Нұрлы достық

Күн достық Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші  жігіттер  биімен де үн қосты.

                                            Ұлдар  биі


ІІ  жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.


Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

                                              «Әрқашан  күн 

сөнбесін!»


І  жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздік 

мерекесіне  арналған  кешіміз өз мәресіне де келіп

жетті.

ІІ

жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды

болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта

болыңыздар!

 

 

 

 

Тәуелсіздік күніне

арналған ертеңгілік

Қызылорда облысы 

Қармақшы ауданы

Тұрмағамбет ауылы

№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі

Мектепова Жазира

Тақырыбы:  «Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»    

Мақсаты:     Балалардың өздерінің туған жеріне деген

сүйіспеншілігін ояту, 

                  өз елінің

патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші  

                  болып қалануға

баулу.

Тәрбиелік мәні: 

өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу

ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы

болу.

жүргізуші:

Армысыздар, бұл кештің қонақтары

Халқымның  әрқашанда  қонақ – бағы

«Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты кешті 

Бүлдіршіндер  көруге шақырады.

2 – жүргізуші

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені

Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені

Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,

Алдарыңда болашақ өрендірі

жүргізуші:

Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген

жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп

отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен

арманына қол жеткізіп отырмыз. 

Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас

ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін,

әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.

Отан – елдің анасы

Отан – жердің анасы

Бақытты ғой, дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы?!

Бар байлықтың басында

Туған Отан тұр биік

Пейілі үшін қазақтың

Маңдайынан нұр сүйіп

Тыныш менің, отаным

Ырыс менің, Отаным

Ардақтайтын отанын

Мен Отаншыл баламын

Жалғыз отан өзіңсің

Жүрегімнің түбінде

Оттай ыстық сезімсің

Күнім – Отан, күлімде!

Хор:  «Отан»

жүргізуші:

Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тариханда жаңа  дәуірдің бетін

ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа  леп, серпін ала келді. Ол –

баршамыз бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілшікті аңсаған еқ ниет, ақ

тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан

Менің жерім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан.

Көкке тиген асқар тауы,

Жасыл киген бақша бауы

Менің жерім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан.

Би: «Айгөлек»

Бір топ қыздар

- жүргізуші:

Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елімде,

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

Тұрса артық не арман бар өмірде.

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен – тек

Елдің ашық қабағы

Ақ ниетті – алтын күн

Асқақ арман – қыраны

Жалауы бұл - халқымның

Мәртебесі, мақтаны

Тәуелсіздік жолында

Талай – талай тер төккен

                     

                     

                 Билігім өз

қолымда

Еркіндігім – Елтаңбам

Құт, береке – шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты құс – қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Әнұраным, жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраным

Хор: «Қазақстан жалауы»

жүргізуші:

Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі қазақымның болған қалам

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам!

Бабалардың көзіндей 

Даналардың сөзіндей

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам!

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап – жас болып

Мен үлкен болғанда да

Ән: «Салдат болам мен ертең»

Бір топ жігіттер

- жүргізуші:

Қазақ аты береке, бірлік дер ем

Қазақ осы бірлікті – тірлік деген

Сахараға бүгін де шықты қазақ

Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз – Қазақстан

Ән:  «Қошақаным»

Орындайтын:  Іңкар

- жүргізуші:

Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында

жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай

білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ,

отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.

Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!

    

Осымен «Балапан» тобының дайындаған «Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым»

атты ертеңгілігіміз аяқталды.

 

 

Просмотров: 1460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст